Мәскеудің мазасын қашырған «Tomahawk» – Қырымды жермен-жексен ете ме?

Ресей мен Украина арасындағы соғыс енді тек аймақтық қақтығыс емес — бұл әлемдік қауіпсіздік пен стратегиялық тұрақтылық үшін шешуші сынаққа айналды.

1759312834604007.jpg

Соңғы аптаның оқиғалары — АҚШ-тың Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын «Tomahawk» зымырандарын беру мүмкіндігі, Запорожье АЭС-індегі апатты жағдай және Қырым бойынша ашық мәлімдемелер. Осылайша бұл соғыс жан-жақты эскалацияға ұласып жатыр...

1759311375137365.jpeg

(Сурет:life.ru)

МӘСКЕУДІҢ МАЗАСЫН ҚАШЫРҒАН – «TOMAHAWK»

Мәскеудің «Tomahawk» тақырыбындағы реакциясы — жай ғана үрей емес, саяси театр сахнасындағы дипломатиялық долдану болып жатыр. Кремль әл-әзірден: «Егер Украинаға зымырандарды бағыттау деректерін АҚШ берсе, бұл Вашингтонның тікелей соғысқа араласуы», - деп мәлімдеді.

Анығы — егер Украинаға осы зымырандар берілсе, бұл соғыс барысын түбегейлі өзгерте қоймайды, бірақ Ресейлік логистикалық және әскери нысандарға дәл соққылар жасау мүмкіндігін ашады. Яғни «Tomahawk» — символ емес, нақты тактикалық құрал!

1759311442785454.jpg

(Сурет: aa.com.tr)

ДАБЫЛ: ЗАПОРОЖ АЭСІ АПАТТЫҢ АЛДЫНДА ТҰР!

Енді Запорождегі АЭС-ке қатысты маңызды ақпараттарға кезек берейік: АЭС-тегі жағдай әлемдік қауымдастықты шошытып отыр. Станцияның Украина энергетикалық жүйесінен ажыратылғанына жеті күн болды. Резервтік дизель генераторларының бірі істен шыққан, ал Ресейліктер станцияға электр желісін жөндеуге кедергі келтіріп отыр. Бұл — тек Украина емес, бүкіл әлем үшін қауіп. Егер ядролық объектілерді әскери аренадан шығару шаралары қабылданбаса, апатты сценарий шындыққа айналуы мүмкін.

Президент Зеленский Запорож АЭС-інің ахуалын «апатты жағдай» деп бағалады. «Әлем ешқашан атом станциясын дәл осылай қолдануға тырысып, қауіпке тікелей душар еткенін көрген емес», - деді Зеленский.

1759311532334176.jpg

(Сурет: sharada.ru)

ҰЛЫБРИТАНИЯ: ҚЫРЫМДЫ ЖЕРМЕН-ЖЕКСЕН ЕТУ КЕРЕК!

Әлемдік ақпараттық кеңістік «Tomahawk» зымырандары мен Запорож АЭС-інің жағдайын жазып жатқанда, Ұлыбританияның бұрынғы қорғаныс министрі Бен Уоллес шығып, Қырымды «өмір сүруге жарамсыз етуге» және Керч көпірін қиратуға шақырып, Путиннің эгосын нысанаға алу қажеттігін айтты.

Бұл мәлімдеме — тек өткір пікір емес, стратегиялық сигнал: Егер Украинаға Қырымды тұншықтыруға арналған ұзақ қашықтықтағы құралдар берілсе, Ресей өз артықшылықтарын жоғалту қаупімен бетпе-бет келеді. Бұл пікір халықаралық дипломатия мен әскери қолдаудың шекарасын айқындайды: Қатал қадамдарсыз Ресей тоқтамайды, керісінше агрессияны күшейтеді.

1759311595241176.jpeg

(Сурет: dw.com)

АҚШ: ПУТИН УКРАИНАНЫ ЖЕҢЕ АЛМАЙТЫНЫН ТҮСІНЕДІ!

Соғысқа қатысты стратегияның тағы бір маңызды аспектісі — экономикалық қысым. АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы елшісі Кит Келлогг: «Путиннің жүрегінің түкпірінде бұл соғыста жеңіске жете алмайтынын түсінеді. Ресейге қарсы соғыста мұнай өңдеу зауыттарына соққылар жасау, осылайша Ресейдің экономикалық ресурстарын шектеу — шешуші рөл атқарады. Стратегиялық қысым мен әскери қолдаудың үйлесімі Ресейді келіссөзге мәжбүрлейтін жалғыз құрал бола алады», - деді.

Қорытындылай келе, әлемнің алдында екі жол тұр: ядролық қауіпке қарсы нақты, қатал шаралар қабылдау және Украинаға ұтқыр қорғаныс құралдарын беру арқылы ресейлік соғыс машинасын тежеу. Егер халықаралық қауымдастық тек дипломатиялық сигналдармен шектелсе, соғыс эскалациясы жалғаса береді, ал ядролық қауіп шынайы драмаға айналуы мүмкін. үшін тарих өз қатал есеп-қисабын шығаруы мүмкін. Қазір тарихтың алдында жауапкершілік бар: әлем бейтарап қалмай, әрекет етуі тиіс. Украинадағы соғыс — бұл тек Украина мен Ресейдің ғана емес, бүкіл халықаралық қауымдастықтың сынағы.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар