Мемлекет басшысы «Торғай – Ырғыз» бағытындағы автожол құрылысын жеделдетуді тапсырды

Мемлекет басшысы «Торғай – Ырғыз» бағытындағы автожол құрылысын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.


r12zhivpsnud3ddzdrt5lb337ypakz93rha5prm9.jpg_width1200xheightautoxtype1.jpg

 (Сурет arainfo.kz сайтынан алынды)


«Президент Үкіметке «Торғай - Ырғыз» және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды», - деп жазды.

 

Айта кетейік, автожол құрылысы 2025 жылдың 14 маусымында басталған болатын. Жаңа бағыттың арқасында Астана мен Ырғыз арасындағы арақашықтық 573 шақырымға қысқарады.

 

Құрылыс жұмыстары бір уақытта екі нүктеде – Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Жанкелдин ауданына қарасты Торғай ауылында басталды. Құрылыс "Астана – Жәнтеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз" бағыты бойынша жүргізіліп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы – 865 шақырым.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар