Зеленский: Ресей халқы біздің қаруымыздың қуатын сезе бастады!

Украина президенті Зеленский көлемді сұхбат беріп, майдан даласындағы ахуал жайлы, келіссөздердің болашағы жайлы, АҚШ-тан қуатты қару-жарақ жеткізу мүмкіндігі жайлы сөз қозғады.

1760005221333654.jpg

(Сурет: tsn.ua)

Біз портал оқырмандарының талқысына президент Зеленский айтқан маңызды мәлімдемелерді топтап ұсынғанды жөн көрдік...

ПРЕЗИДЕНТ ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕЙДІ?

«Tomahawk» зымыран туралы: «Трамп «Tomahawk» зымырандарын сатудан бас тартқан жоқ. АҚШ бұл мәселені техникалық деңгейде талқылайтын болады. Мен бұл мәселені президент Байден тұсында да көтергенмін, бірақ ол кезде бізге бас тартқан. Бұл қазір Украина үшін, оның қуатты ету үшін маңызды сигнал. Мұндай шаралар Украинаны нығайтып, ресейліктерді байсалды болуға, келіссөз үстеліне отыруға мәжбүр етуі мүмкін. Ал егер оқ атуды тоқтатуға қол жеткізсек, дәл осы жағдай кейінірек келісімге келу, жоспар құру мүмкіндігіне әсер етеді», - деді.

Путин туралы: «Путиннің қазір үшінші дүниежүзілік соғысты бастап жіберу қаупі жоғары. Мобилизация - бұл Путин үшін сөзсіз өз рейтингін жоғалту. Сол үшін де Ресей мобилизация жасамай, оның орнына жалмалары әскер ұстап отыр. Кремль әрі қарай да сол келісімшарттар үшін қыруар қаржы төлегісі келмейді. Олар қазір жалдамалы әскер үшін қыруар қаражат төлеп отыр. Ал мобилизация жарияласа – Путиннің беделі бірден түседі. Демек, Кремль Путиннің жеке беделі үшін осынша қаржылық шығынға барып отыр. Ал егер Ресей мобилизация жасаса, бұл шынымен де Еуропа үшін қауіпті сынақ болмақ. Ресей сөзсіз үлкен соғыс бастауы мүмкін», - деді.

«Путинге Украинаның шығысын толық алу үшін әлі тағы 1 млн сарбазын құрбан етуіне тура келеді. Путин Аляскада президент Трампқа әсіре мақтап, Ресейдің әскери мүмкіндіктері деп көрсеткен, саудалаған дүниелер шын мәнінде іске алғысыз. Демек, Путин Трампқа «сапасыз тауарын» саудалаған. Бұл кім-кімге де ұнамайтыны түсінікті. Трамп мұны жақсы түсінеді», - деді.

«Ресей Запорож АЭС-інің электр желілерін қос тараптан үзді. Макрон да, Гросси де мұны көріп-біліп отыр. Запорож АЭС-індегі қазіргі ахуал бәрін алаңдатып отыр. Қазір АЭС электрсіз, дизелмен ғана жұмыс істеп тұр», - деді.

АҚШ-пен қарым-қатынастар туралы: «Келер аптада Украина делегациясы АҚШ-қа барады. Делегацияны вице-премьер Юлия Свиридова мен ПӘ кеңсесінің бастығы Андрей Ермак бастап барады. Талқыланатын тақырып – ӘШҚҚ (ПВО), энергетика, санкция және бұғатталған активтерді Украинаға беру мәселелері», - деді.

Украинаның қару-жарақтары туралы: «Соңға апталарды біз өзіміз жасап шығарған «Нептун» мен «Фламинголарды» сәтті қолданудамыз. Жаппай өз қаруымызды қолданып жатырмыз дей алмаймыз, бірақ, өз қару-жарақтарымыз да нәтижелі соққылар жасап жатқанын мақтанып тұрып айта аламыз. «Паляница» қазірдің өзінде оншақты рет Ресейдің ішкі аумақтарындағы әскери қоймалардың көзін жоя білді. Бірлі-екілі жағдай емес, бұл. Сонан соң біздің «Рута» дейтін дрон-зымыранымыз 250 шақырым қашықтықта орналасқан теңіздегі мұнараның көзін жойды. Ең нәтижелі қаруцымыз «Лютий» боп тұр. Біз бір дегенде 300-ін сәтті қолданған кездеріміз болды. Қазір Ресейдегі Усть-Луга мен Приморскіге біздің қаруларымыз оп-оңай жетеді және бұл үлкен жетістігіміз деп айта аламын», - деді.

Барлау мәліметтері туралы: «Біз АҚШ барлауымен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Сөзсіз, бұл бізге ең әуелі дұрыс қорғану үшін керек. Барлық қорғаныс кешендері – Patriot, NASAMS, IRIS-T дегендер АҚШ барлау мәліметтерінсіз дұрыс жұмыс істемейді, дұрыс қорғана алмайды», - деді.

Венгрия мен Орбан позициясы туралы: «Орбан сайлау алдында өзі мен партиясының рейтингін көтеру үшін Украинаның еуропалық интеграциясына қарсы шығып отыр. Оның сайлауалды бағдарламасы – ЕО ұсынған барлық бастамаларды қатал сынауға негізделген», - деді.

Ресей аумақтарын соққылау туралы: «Украина әскерінің Ресейдің ішкі аумақтарына жасап жатқан сәтті соққыларының нәтижесі – қазір Ресейде жанармай тапшылығы 20 пайызға жетті. Бұл да біздің үлкен жетістіктеріміздің бірі. Біздің қаруларымыздың қуатын Ресей халқы сезе бастады», - деді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар