Украина Мәскеу мен Петерборды жарықсыз қалдырмақ!

Батыс саясаттанушыларының пікірінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға «Tomahawk» қанатты зымырандарын сату туралы түбегейлі шешім қабылдады.

1760431130936100.jpg

(Сурет: ulysmedia.kz)

«Tomahawk» зымырандарының ұшу және соққылау қашықтығы модификациялануына байланысты 1500-ден 2500 кишақырымға дейін құрайды. Мәскеу Украина шекарасынан 750-800 шақырым қашықтықта орналасқан қала. Бұл Украина Қарулы күштеріне Ресей Федерациясының астанасындағы нысаналарды атуға мүмкіндік береді.

Ресей президенті Владимир Путин әлгінде «Tomahawk» зымырандары «қуатты» екенін, бірақ «ұрыс алаңындағы күштердің тепе-теңдігін өзгертпейтінін» айтты. Дегенмен, сарапшылардың пайымдауынша, Вашингтонда қаржылық өтемақы орнына Киевке жеткізілуі мүмкін бірнеше зымыран түрі бар және олардың барлығы ресейлік мұнай инфрақұрылымына орасан зор зиян келтіре алады.

Ресей энергетикасына «Tomahawk» зымыраны сияқты жоғары дәлдіктегі қарумен соққанда не болатынын елестету оп-оңай. Олардың оқбасылық бөлігі 400-500 килограммды құрайды. БАҚ-тың жазғанындай, осы уақытқа дейін Украина әскері өздерінің 1000 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысаналарды атуға қабілетті «Нептун» зымыранының жетілдірілген нұсқаларын пайдаланып келсе, ал қазір қашықтығы 3000 шақырымға дейін жетеді деп сипатталған «Фламинго» моделін қолдануға әзірленуде. Бірақ, бұл қару түрі Киевте шектеулі.

Сарапшылардың пікірінше: Егер Украина Қарулы Күштері «Tomahawk» зымырандарын немесе 2009 жылдан бері АҚШ армиясының қолданысында бар, ұшу қашықтығы шамамен 900 шақырым болатын «ауа-жер» санатындағы «JASSM AGM-158» қанатты зымырандарының алыстан атылатын нұсқалары Украинаға берілетін болса, Ресейдің Украинаға қарсы соғысындағы жағдай Киевтің пайдасына түбегейлі өзгеруі мүмкін. Яғни, Украинаның Мәскеу облысындағы нысаналарға соққы беруге қабілетті әбден жетеді.

«Financial Times» басылымы: «Егер «Tomahawk» зымырандарын Украинаға беру туралы шешім қабылданса, Украина шамамен 20-50 дана зымыранды алады», - деп жазады. Басылымның мәліметінше, қазір Пентагонның арсеналында шамамен 4150 «Tomahawk» зымырандары бар.

«Axios» басылымы: «Трамп пен Зеленский осы жұмада Украинаға қару-жарақ жеткізу мәселесін, соның ішінде «Tomahawk» зымырандарын беру мүмкіндігін талқылайды», - деп жазады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар