The Times of Central Asia: Қазақстан Орталық Азиядағы жалғыз орта держава!

1999 жылдан бері өңірдің экономикасы мен саясатын терең талдауға маманданған «The Times of Central Asia» халықаралық басылымының қорытындысына сәйкес, Қазақстан Орталық Азиядағы жалғыз «қалыптасқан өңірлік орта держава» болып танылды.

1762506444220137.png

(Сурет: zakon.kz)

Бұл мәртебе елдің экономикалық тұрақтылығына, дипломатиялық ықпалына және институционалдық мығымдылығына негізделген. Осы сараптамалық бағалаулар аясында саясаттанушы, публицист, экономика бойынша философия докторы және «Оңтүстік Кавказ» (Әзірбайжан) саясаттанушылар клубының жетекшісі Ильгар Велизаде Астананың Транскаспий дәлізінің (ТХКБ) тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін талдайды.

КӨПВЕКТОРЛЫ САЯСАТ – ТҮРКІ ДӘЛІЗІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ

Оның аталған көзқарасы еліміз үшін маңызды, өйткені Транскаспий бағыты (Орта дәліз) Қазақстан, Әзірбайжан және Түркия арқылы өтетін трансқұрлықтық Түркі дәлізінің негізгі элементі болып табылады. Велизаде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпвекторлы бағыты неге бүкіл түркі әлемі үшін тұрақтылық пен дамудың стратегиялық кепілі болып табылатынын түсіндіреді.

Қазақстан Орталық Азиядағы экономикалық тұрақтылығы мен дипломатиялық белсенділігіне орай бірден-бір жалғыз «шоғырландырылған орта держава» болып танылуына қатысты саясатшы: «Қазақстан өз өңірінің барлық параметрлері бойынша айырықша маңызды мемлекет болып табылады. Бұл аумағы жағынан ең ірі мемлекет, бұл ең үлкен және барынша әртараптандырылған экономика, сондай-ақ өңірдің барынша ресурстармен қамтамасыз етілген ел. Әрине, Қазақстанда болып жатқан оқиғалар мен қазақстандық саяси басшылықтың жүргізіп отырған саясаты Орталық Азияда ғана емес, одан тыс жерлерде де байқалатын үрдістерге қандай да бір өз әсері тигізіп, ықпал ете алады», - дейді.

ӘЗІРБАЙЖАН ҮШІН ҚАЗАҚСТАН – ҚЫТАЙҒА АШЫЛҒАН ЕСІК!

Сарапшының пікірінше, Әзірбайжан үшін Қазақстан - жай ғана серіктес емес, Орталық Азияның қақпасы және Қытайға ашылған есік. Қазақстан Орталық Азияның Қытаймен шекаралас және Каспий теңізіне шыға алатын жалғыз елі болғандықтан, онсыз Транскаспий көлік бағдарын (ТККБ) іске асыру іс жүзінде мүмкін емес. Әзірбайжан үшін ТККБ түрлі географияларды байланыстыратын және елдің транзиттік әлеуетін арттыратын ең маңызды көлік артериясы болып табылады.

Әзірбайжан саясаткері: «Қазақстан біз үшін бауырлас және көрші ел ретінде Әзірбайжанның институционалдық одақтастарының бірі болып табылады. Соңғы жылдардағы орын алған оқиғалар көрсетіп отырғандай, сіздердің сенім артқан  көшбасшыларыңыз қиындықтарды, сын-қатерлер мен дағдарыстарды жеңе алады. Бұл біздің Орталық Азия бағытындағы ұзақмерзімді сыртқы саяси стратегиямызды іске асырудың маңызды шарты болып саналады», - дейді.

Астана ұсынған нақты бастамалардың Транскаспий дәлізінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға неғұрлым елеулі үлесіне қатысты саясаткер: «Қазақстан Президенті осы бағытты цифрландыру бойынша нышанаттық жұмысқа бастамашы болған адамдардың бірі. Ол қазіргі заманғы логистикалық орталықтарды құруды белсенді қолдайды және тар жерлерді «кеңейту» бойынша жаңа шешімдерді ұсынады. Бұл бастамалар бүгінде өте серпінді дамып келе жатқан цифрлық держава болып табылатын Қазақстан ішіндегі процестермен үндеседі», - деді.

Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясаты оған Шығыс пен Батыс арасындағы көпір болуға мүмкіндік беретіндігіне байланысты саясаткер: «Қазақстан мемлекетінің көп векторлы саясаты нақты істер мен жобаларда көрініс тауып келеді. Бүгінде Қазақстан түрлі мемлекеттердің мүдделері қақтығыспай, қиылысатын жер болып табылатынын көзімізбен көріп отырмыз. Бұл өте маңызды. Президент Тоқаев сенімді капитан ретінде өз кемесін әлемдік саясаттың толқынды суларында малтықтырмай алып келеді. Іс жүзінде, Қазақстан сыртқы ойыншыларға - тікелей мағынада емес, өзара түсіністік пен тұрақтылық ахуалын қалыптастыру жөніндегі белсенді коммуникация мен процестердің бастамашысы болып табылатындығына жағдай жасай алды. Қазақстандық мемлекеттің жаңа моделі - бұл көршілермен белсенді диалог арқылы өз әлеуетін іске асыру үшін өңірлік және халықаралық қатынастар жүйесіне интеграцияланған моделін өмірге әкеле білді», - деді.

Баку мен Астана ынтымақтастығы - бұл орташа державалардың табысты өзара іс-қимылының мысалы. Олар бір-бірінің мүдделерін құрметтейді, өз ұстанымын ғана таңуға тырыспайды және өз өңірлерінің жетекші елдері болып табылады.

Біздің одақ саясатта да көрініс тапқан сан ғасырлық достықпен бекітілді. Қазақстанның Арменияның ҰҚШҰ бойынша одақтасы бола отырып, Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын қолдауға қатысты нақты ұстанымға ие болып, халықаралық құқық шеңберінде Қарабақ қақтығысын шешуді жақтағаны көрнекі мысал.

Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерін біріктіретін ынтымақтастықтың неғұрлым кең форматын құрудың болшағы үлкен. Әсіресе, Әзірбайжанның белсенді қатысуымен Оңтүстік Кавказда жүзеге асырылып жатқан бейбіт күн тәртібі толық көлемде жүзеге асырылатын болса, алдымыздан айқара ашылатын перспективалар орасан зор.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар