«Қазақтар қырғыздан тараған»: Қырғыз тарихшының өтірігі – Түркі бірлігіне сына қақты...

Түркі бірілігіне сына қағып, туыс халықтарды бір-біріне қарсы қоюшылық соңғы 20 жылда қырғыз ағайындар арасында өршелене белең алып, саясат пен тарихқа қатысты екі араға іріткі салушылық тенденцияға айналып келеді. Өкінішті болса да, бұл шындық...

1762770821670543.jpg

Кезіндегі Қырғыз қағанатын ілік еткен айыр қалпақты ағайындар: «Орталық Азиядағы жалғыз үстем ұлт – Қырғыздар. Қалғандары бізден өрбіп-өскен», - деп керең еститіндей дауыстап айтып жүр. Қауіптісі сол – оны тек әлеуметтік желілердегі жөлпекелік дертіне ұшырағандар ғана емес, ғылыми және саяси ортадағылар да қолдап-қолпаштап, бүкіл бір ұлттың санасын бұрмалауға көшті. Соңғы кезде қырғыз оқымыстылары мен зиялыларының ішінде «қазақ пен өзбекті қырғыздан бөлініп шыққан ұлттар» деген ғылыми догма қалыптасуда. Осы орайда есімізге «Өзбек – өз ағам, сарт – садағам» деген мақалдың үшінші яғни, бізден жасырын «Қырғыз – қайманам» тармағы ойға оралады.

Жә, бұл әңгімені неге көтеріп отыр дерсіз. Мынаны қараңыз:

Жуырда Қырғыздан Тұрысбек Малдыбаев деген адам шығып: «Өзектен шыққан өрт жаман, ішіңнен шыққан жау жаман» деген мақалды сөзмысал етіп, ұйғырды, қазақты және өзбекті қырғыз жасауға тырысудың барып тұрған басбұзарлығын келтіреді.

МАЛДЫБАЕВ КІМ?

Жоқ жерден жау шақырып, елбұзар сөздерімен желіде желпініп отырған бұл кім екен деп қарадық. Қарасақ, бұл Тұрысбек Малдыбаев қатардағы көптің бірі емес, Қырғызға аты-заты мәшһүр қаламгер екен. Жасы жетпіске таяған (68-де). Аудармашы, философ, тарихшы екен. Мақұл...

ҚЫРҒЫЗ ТАРИХШЫСЫ: ҚАЗАҚТАР ҚЫРҒЫЗДАН ТАРАҒАН...

Сол Тұрысбек Малдыбаев мырза әлгінде көлдей қылып сұхбат беріпті. Сұхбаты «SO SOOOP» «YouTube» арнасында жарияланды. 122 мыңнан аса қаралым жинап, 2,4 мыңға жуық пікір жазылған. Тақырыбы: «Қазақтар қырғыздан тараған? Тарихта жасырылған шындық» деп аталады.

2 сағаттық әңгіменің көбі сұйық сөз. Бірақ, назарымызды бұрған әңгімелерінің бірсыпырасы мынау:

Тұрысбек Мадылбай: «Баласы әкесінің бетінен алған тірлікті қазақтар бізге жасап келеді», - деп, зар қағады. Орталық Азияны толық «қырғыздандырған» Тұрекең, құлашын алысқа сілтеп, Еуропадағы қырғыздарды «түркі» атандырып: «Өйткені Түркия ірі ел болғандықтан солардың ырқына жығылды», - деген концепциялық пікірін алға тартады.

«Қазақ пен өзбектің тазысы дегеніміз – бұл біздің тайған», - деп тіпті, ит екеш итті де аталған қос халықтан қызғанғанына не дерсіз?!

Бір уақта: «Қырғызды бөліп, төрт мемлекет еткен. Сібірді, ондағы алтай, хакас, тываларды алып Ресей қылып қойған. Кейін Түркістанды бөліп, төрт қырғыз республикасы болып қалғанбыз. Бірінші Қырғыз АСР – бұл қазіргі Қазақстан. Екіншісі – бізді «таулы облыс» деп атаған. Онан соң Бадахшан жақтар – Қаратегін Қырғыз республикасы деп аталған. Астанасы – Бұқара болған. Бұқара – Қырғыз қаласы», - деп жалғастырады.

МАЛДЫБАЕВҚА ЖАУАП

Ал біз тақырыпқа тұздық ретінде бір ғана дерек келтірейік: Түркітанушылар көпке дейін қырғыздарды маңғұл мен түркі халықтарынан құрылған ерек этнос ретінде «түркі» жұртына қоспай келді. Түркіленген парсылар – түркімендер және түркіленген маңғұлдар – қырғыздарда (Алтайлық телеуіттерде) ғана екі дауыссыз дыбыс қатар айтылатын тілдік қалдық ұшырасады. Мысал үшін қырғыз жазба тілінің бастау көзіндегі облыстық газет  «Еркин тоо» 1926 жылы ғана шықты. ХІХ ғасырдың аяғындағы 1897 жылғы патша санағында қарлұқ-ұйғырлар (сарттар) мен өзбектер әрқайсы 1 жарым миллион, ал, қазақтар – 6 миллион болса, қырғыздар 100 мыңнан сәл ғана асқаны белгілі.

ЖАПАРОВ КЕНЕСАРЫҒА, МАЛДЫБАЕВ КҮЛЛІ ҚАЗАҚҚА ӨШ ПЕ?

Аталған ғылымсымақтың екі сағатқа жуық оттаубайы қырғыздардың құлағына жағатын шығар, бірақ қазақ пен өзбектің шын зиялылары мен тарихшылары мұндай қисынсызға сауатты жауап қатары анық. Өкініштісі сол – қырғыз ағайындар арасында осындай тарихшысымақтардың «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» болып тұр, қазір. Олардың ең ірісі – Қазақтың соңғы ханы – Кенесарыға тіл тигізіп: «Қырғызға шапқан Кенесары лайықты жауабын алды», - деген президент Садыр Жапаров болып тұр!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар