130 күндік шайқас: Ресей әскері жыға алмаған Украинаның қос сарбазы

Әлгінде ғана Донецкі майданында жүрген қос жауынгердің Отанды басқыншы жаудан қорғау жолындағы жанкештілігі жайлы ақпарат жария болды.

1766661443830631.jpg

(Сурет: pravda.com.ua)

«Холодный Яр» деп аталатын 93-ші механизацияланған бригада бар. Донецкі облысында, Константиновка қаласы үшін шайқасып, от пен оқтың ортасында жүрген топ. Осы топтың қос жауынгері – Денис пен Дмитрий әлгінде ғана өздеріне берілген позицияны бір адым да артқа шегінбей, тапжылмай тұп-тура 130 күн қорғап тұрып, майданнан оралған. Қандай күрделі де қиын қыспаққа түссе де жерін жауға бермеген, позициясын тастап кетпеген. Қорғанысты ұстап тұрған.

Бұл екі батырдың бірі – Денис деген жігіт. Лақап аты «Барыс». Екіншісі – Дмитрий деген жігіт. Лақап аты «К2».

Константиновка қазір қиянкескі шайқастардың бірі жүріп жатқан майдан шебі. Денис пен Дмитрий Константиновкадағы позицияға 2025 жылдың тамыз айында екеу боп кірген. Содан желтоқсан айында бір-ақ шыққан. Өйткені, Константиновка бағытындағы жағдай өте күрделі. Ротация жасау мүмкіндігі жоқтың-қасы. Ел қорғаған екеудің тағы бір ерлігі – өздері қиын-қыстау жағдайда тұрып, қолға тұтқын түсірген.

Ол тұтқын – Ресейдің Волгоградтық 242-ші мотоатқыштар полкінің сарбазы Данила Сычов деген 23 жастағы жігіт. Оны шабуыл жасауға талпынған кезде қолға түсірген, содан кейін ресейлік солдат шамамен екі жарым ай бойы украин позициясында болған. Ол тіпті позицияны қорғауға көмектесіп, бекініс құрылыстарын салған және басқа да тапсырмаларды орындаған. Оның үстінде украиндық бронежилет болған. Әскери қызметшілер барын онымен бөліскен: киім, тамақ, дәрі-дәрмек.

1766661517509479.jpg

(Сурет: pravda.com.ua)

МАЙДАН ШЕБІНДЕГІ ОҚИҒА

Дмитрий деген жігіт 130 күндік қорғаныс кезіндегі болған оқиғалардың бір эпизодын баяндап, еске алады:

«Маған төбелесу ұнайтын, сондықтан дәл осы майданға түскеніме еш өкінбеймін. Біз «Барыс» екеуіміз бірнеше жолы жаумен бетпе-бет шайқасқа кірдік. Жау сарбаздарының көзін жойдық. Сондай шайқастардың бірінде жау әскері біздің қайда бекінгенімізді дронның көмегімен тауып алды. Ал ертесі FPV дронмен, минометпен біздің бекінісімізді талқандады. Біз екі қосалқы есіктегі позицияға бекіндік. «Барыстың» қосалқы шығар есігі менікінен мықтырақ болды. Ал менікі әлсіздеу болды. Содан мен жарылыстан есеңгіреп, ұйықтап кеттім. Үйінді басып қалды. Сол үйіндінің астында біржола қалдым деп ойладым. Есімді жисам, денемнің астында аз ғана жер бар екен. Бйірлеп жатып, пышақпен, қолмен өзімнің астымды қаза бастадым. Сөйтіп, бірнеше сағат бойы тырбаңдап жатып, өзімді-өзім қазып алдым. «Барыс» та сөйтіп жатып аман қалды. Ақырында позиция ауыстыруға тура келді», - дейді.

РЕСЕЙГЕ ӘЛІ 4 ЖЫЛ СОҒЫСУ КЕРЕК!

Бүгін Германияның «Bild» басылымы: «2025 жылы Украинаның бар болғаны 4,4 мың шаршы метр жерін ғана жаулап ала алды. Бұл ел аумағының 1 пайызынан да аз аумақ. Ресей осы «жетістігі» үшін 100 мың сарбазын құрбан етті. Егер Ресей дәл осы қарқынмен қозғалатын болса, Донецкі, Луганскі, Запорож бен Херсон облыстарын толық жаулап алу үшін Ресейге кемі 4 жыл уақыт қажет болады», - деп жазады.

«Bild» басылымы: «Сонымен қатар, жаппай инфляция мен қолжетімді емес негізгі пайыздық мөлшерлемелердің салдарынан Ресей экономикасы одан әрі әлсірей түсуде. Ресейдің Украинадағы жылдам жеңіске деген жалғыз үмітіТрамп әкімшілігімен бірге Киевті өз әскерін Донецкі облысынан өз еркімен шығаруға мәжбүрлеу ғана болып отыр», - деп жазады.

Тұздық: Күні кеше ғана Украина президенті Зеленский АҚШ пен Украина делегациялары бірлесіп әзірлеген 20 тармақтық бітім жоспарын жария еткен еді.

Бүгін Кремльдің баспасөз қызметі аталған жоспар жайлы: «Бұл материалды алдық, танысып, сарап жасап жатырмыз. Мемлекет басшысы (Путин) қандай шешім қабылдайтынына байланысты америкалық әріптестерімізбен байланыс орнататын боламыз», - деп қысқа қайырды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар