2025 жыл Қазақстанның медиа саласы үшін жүйелі реформалар кезеңі болды

2025 жыл Қазақстанның медиа саласы үшін жүйелі реформалар, институционалдық даму және кәсіби стандарттарды нығайту кезеңі болды.

1769588393758442.jpg

(Сурет: malim.kz)

Қазіргі кезде елде 5029 бұқаралық ақпарат құралы бар, оның 306-сы – шетелдік БАҚ. Тек 2025 жылдың өзінде 515 жаңа БАҚ тіркелді.

1769588138477274.jpg

Саланың маңызды бағыттардың бірі – отандық баспа ұйымдарын қолдау. 2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған Заңға сәйкес, жаңа Салық кодексі бойынша баспа түріндегі кітап өнімдеріне қосымша құн салығы 10% мөлшерде белгіленді.

1769588154997502.jpg

Сонымен қатар, Министрлік 2025 жылы «Онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірледі.

1769588167744713.jpg

Ақпарат саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық та қарқынды дамыды. Осы жылы Түркиямен бірлесіп «Қайта оралған Үміт» атты 100 сериялы телехикаяның түсірілімі аяқталды, алғашқы Қазақстан-Қытай бірлескен жоба «Іледе күтемін…» телесериалы түсірілді, сондай-ақ Ресей Федерациясымен «Аллигатор» атты сегіз сериялы көркем телесериал әзірленді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар