Иранға соққы жасау: Сарапшылар жеті түрлі сценарийді болжады!

ВВС басылымы АҚШ-тың Иранға соққы жасау мүмкіндіктерін сараптай отырып, жеті түрлі сценарийді қарастырды. Қысқа-нұсқа.

1769769883998809.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

НАҚТЫ СОҚҚЫ, АЗ ҚҰРБАН ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯҒА ӨТУ

Бұл сценарий бойынша АҚШ-тың әуе және теңіз күштері Иранның Ислам революциясының сақшылар корпусына, «Басидж» жасақтарына, зымыран сақтау қоймалары мен ядролық бағдарлама бөлімшелеріне нақты соққы жасайды. Наразылық пен соққылардан әлсіреген Иран режимі құлдырап, құлауы ықтимал. Артынша Иран халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесіне айналады, ал Иранда демократиялық жүйе орнайды. Бұл оптимистік сценарий саналады. Алайда Ирак пен Ливиядағы Батыстың ішкі саясатқа араласуы демократиялық жүйені күшейте алмады.

РЕЖИМ САҚТАЛАДЫ, САЯСАТЫ ЖҰМСАРА ТҮСПЕК

Бұл сценарий «Венесуэла моделіне» тұқсайды. АҚШ жылдам әрі жойқын соққы жасауы және кей тұлғаларды жоюы да мүмкін. Алайда режим сақталып, АҚШ-пен келіссөз жүргізе бастайды. Иран режимі саясатын жұмсартып, ішкі саясатта бірқатар жеңілдіктерге жол береді. Бұндай жағдайда Иран Ислам революциясының құрылымын сақтап қалады. Дегенмен АҚШ-пен келісе отырып, бұл жағдайда Иран ядролық және зымыран бағдарламаларын қысқартады. Бұл сценарийді сарапшылар Иран билігі құп көрмейтінін айтуда. Аятолла режимі 40 жылдан астам уақыт бойы кез келген өзгеріске және азаматтық жеңілдіктерге баруға қарсылық танытып келеді.

РЕЖИМ ҚҰЛАЙДЫ, АЛ БИЛІК ӘСКЕРИЛЕРГЕ ӨТЕДІ

Дәл осындай сценарийді сарапшылар ықтимал деп санайды. Иранда жыл өткен сайын жағдай қиындап, наразылықтар күшеюде, алайда мемлекеттегі әскерилердің билігі бір сәтке шатқаяқтаған емес. Халық аятолла режимін жау санаса да, әскерилердің кейбірі ел арасында қолдауға ие. Наразылық акцияларының барлығы да әскерилердің наразы топты қолдамай, режимді қолдауына байланысты сәтсіз аяқталды. Сол үшін де режим халыққа қарсы қатаң саясатты еш қорықпастан жүзеге асыруда.

АҚШ соққысынан кейін елде хаос орнауы ғажап емес. Ондай сәтте әскерилер билікті дереу қолға алып, діни билікті ысырып тастауы мүмкін. Дегенмен АҚШ-тың қатаң қысымына байланысты Иранда әскери үкімет ұзаққа созылмауы ықтимал.

ИРАН КӨРШІЛЕС ЕЛДЕР МЕН АҚШ БАЗАЛАРЫНА СОҚҚЫ ЖАСАЙДЫ

Иран АҚШ пен  Израильдің шабуылына қатаң жауап беруге әзір екенін айтуда. Тегеран АҚШ-тың әскери күшіне төтеп бере алмайды, алайда қарымта соққы жасау үшін барын салуы мүмкін. Тау шатқалдары мен құмды далаларда жасырынған зымыран ату қондырғылары және дрондар аймақтағы АҚШ-тың әскеріне қауіп төндірмек. Бахрейн мен Катардағы АҚШ-тың әскери базалары нысана болмақ. Иран АҚШ-тың шабуылына көмектескен өзге елдерді де атқылауы мүмкін. Мысалы Иорданияға дүркіндете зымыран атуы ғажап емес. 2019 жылы Saudi Aramco мұнай кешеніне жаппай зымыран шабуылы болды. Шабуылды Ирактағы қарулы топтар Иранның қолдауымен іске асырды. Міне, сол сәтте Сауд Арабиясы Иранның зымырандарын қағып түсіруде қиындық көрді. Осыған байланысты АҚШ-тың Таяу Шығыстағы серіктестері Иранмен қақтығыспай, келіссөз арқылы мәселені шешуді ұсынуда.

ИРАН ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫН МИНАЛАП ТАСТАЙДЫ

Иран билігі жағдай апаттық күйге түскен сәтте, Ормуз бұғасын миналап тастауы мүмкін. Бұл сценарийді Тегеран талай мәрте айтқан болатын. 1980-1988 жылдары Иран-Ирак соғысы сәтінен бері осы қауіп әлемдік энергетика бағасына әсер етумен келеді. Иракпен соғыс сәтінде Иранның теңіз миналары Ормуз бұғазын жауып тастаған сәттер де болды. Ормуз бұғазы арқылы әлемдік сығылған газдың 20 пайызы және мұнайдың 25 пайызы өтеді. Иран Ормузды миналауға қатысты жаттығу да өткізді. Қажет жағдайда жылдам қозғалатын кіші кемелер арқылы бұғазды миналауы мүмкін.

ИРАН ҚАРСЫ СОҚҚЫМЕН АҚШ КЕМЕСІН СУҒА БАТЫРАДЫ

Иран соғыс жағдайында қарсы соққы жасау арқылы АҚШ-тың кемесін суға батыруы мүмкін. Бұл дрондар тобымен немесе зымырандармен және теңіз дрондары, торпедалармен іске асуы ғажап емес. Иранның әскерилері АҚШ-тың технологиялық басымдығын өте көп дрондар арқылы айналып өтуге болады деп санайды. АҚШ кемесін суға батыру Трамп әкімшілігі үшін имидждік соққы болар еді. 1987 жылы Ирактың ұшағы қателікпен АҚШ-тың кемесіне екі зымыран атып, 37 адам көз жұмған оқиға болды. Сарапшылар теңіздегі кемені қорғау қиын екенін айтуда.

РЕЖИМНІҢ ТҮБЕГЕЙЛІ ҚҰЛАУЫ ЖӘНЕ ҮЛКЕН ХАОС

Режим құлап, мемлекетте хаос болуы мүмкін. Бұл аймақ елдері үшін үлкен қауіп. Елде азамат соғысы басталуы мүмкін. Бұл Йемен, Сирия және Ливиядағы сценарийге аса ұқсас болуы ықтимал. Иранда этникалық бөліністер басталып, жеке ел құруға ұмтылатын қарулы топтар саны артады. Лаңкестік ұйымдар мен діни фанатиктер күш алады. Күрді, белудж, арабтар мен парсылар, әзербайжандар және басқа ұлттар арасындағы қатынас күрделі форматқа өтеді. 90 млннан астам халқы бар ел әлемдегі босқындар легін арттырып, гуманитарлық жағдайды күрделендіреді.

Mezgi.kz


Ұқсас тақырыптар