ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.

(Фото: Sputnik / Владислав Воднев.)
Соынмен ҚР ОРК мәліметінше: референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 миллион 127 мың 192 адамды немесе 73,12 % құрады.
Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15% құрады. Қарсы дауыс бергендер – 898 мың 099 адам (12,85%).
Жарамсыз деп танылған бюллетень — 146 558. Есепке алынбаған бюллетень саны — 127 868.
Осылайша, референдум нәтижесі бойынша Жаңа Конституция қабылданды.
Mezgil.kz