Кремльге ашық қарсылықтар айтылуда: Ресейде әскерилер төңкеріс жасай ма?

Соңғы апталарда Ресейдің ішкі саяси кеңістігінде Кремльдің әскери-саяси билігіне көңіл толмаушылықтар ашық айтыла бастады. Мәскеу мен оның төңірегіндегі дәл қазіргі саяси атмосфера сондай бір бейсаналы тренд қалыптасқандай әсер қалдырады.

1776418918410381.jpeg

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

РЕСЕЙ АЛАПАТ ДАУЫЛДЫҢ АЛДЫНДА ТҰР!

Кремль бұрынғысынша таптаурын мәлімдеме жасап, саяси тұрақтылық туралы айтқанымен, ішкі жағдайға тереңірек үңілсеңіз, бұл «тыныштықтың» астында қайнап жатқан алапат бір дағдарысты байқау қиын емес.

Басқа емес, Ресейдің өз саяси сарапшыларының пікірінше: «Қазіргі Ресей – қысымы шегіне жеткен жабулы қазан секілді. Сырт көзге бәрі қалыпты көрінгенімен, ал ішінде бұрқ-сарқ қайнап, бу жиналуда және ол қазан кез келген сәтте қақпағын аспанға ата жарылуы ғажап емес».

ПУТИНДІ СЫНАУШЫЛАР КІМДЕР?

Анығын, Ресейдің әсіре импершіл, «супер әскери автократиялық» билігіне сын айту бір сәтке де тоқтаған емес. Қараңыз:

Осыдан бірнеше жыл бұрын өткір әрі конструктивті сынды негізінен батысшыл оппозиция өкілдері ғана айтатын. Кремль билігі арнайы заң қабылдап, сыншыларға «шетелдік агенттер» деп айдар тақты. Қоғам алдында олардың беделін түсіруге тырысты. Қаралады, күйеледі. Сол арқылы Кремль өзіне қарсы пікірлерді сыртқы күштердің ықпалы ретінде көрсетіп, ішкі тұрақтылықтың бар екенін дәлелдеуге тырысты.

Алайда қазір жағдай түбегейлі өзгеріп келеді. Ең өткір, ең ауыр сындар енді шекараның сырттынан емес, дәл биліктің өз ішінен естіле бастады.

Күні кешеге дейін Кремль саясатын ашық қолдап келген әскери тілшілер мен «Z-блогерлердің» риторикасы бүгіндері күрт өзгере бастады. Кеше ғана елпініп, желпініп, өктемсіп, өрекпіп: «Киевті үш күнде аламыз», - дегендер бүгін мүлде басқаша сайрай бастаған.

Соғысқұмар сол немелер бүгін Кремльді, Ресейдің әскери басшылығын өткір сынап, соғыстың тым созылып кеткенін, майдан шебіне қару-жарақтың жетіспеушілігін, әуелгі қойылғеан әскери жоспарлардың мүлде орындалмай жатқанын, адам шығынының тым көп екенін ашынып айта бастады. Ал Кремльдің ұр да жық билдігі мұндайлардың кейбірін түрмеге тоғытса, кейбірін жындыханаларға жатқызып, жазалауға көшті.

Анығы – бұл жұтаң эмоция, «ашынғаннан шығады ащы даусымныі» кері емес, бұл – Путин мен оның биліктегі командасына деген сенімнің жоғала бастағанының анық көрсеткіші!

АКАДЕМИКТІҢ АШЫНУЫ: РЕСЕЙДЕГІ РЕГРЕССИЯ

Осы ішкі дағдарыстың тағы бір көрінісі – Мәскеуде өткен «Мәскеу экономикалық форумы–2026» жиынында байқалды. Әдетте Ресейдің өз ішінде өткізілетін мұндай алаңдарда ресми риторика үстемдік етуші еді. Яғни, даму, тұрақтылық, жетістіктер туралы ғана айтылатын.

Алайда, бұл жолы төтенше жағдай болды. Ресейдің белгілі академигі Роберт Нигматулин мінберге шығып, бүгінгі Ресей экономикасында қалыптасқан дағдарыс жайлы ашық айтты, ашып айтты.

Ол билік жиі айтатын «тұрақты даму» туралы әңгіменің барлығын жоққа шығарып, нақты көрсеткіштерге сүйене отырып, елдің шынайы жағдайын сипаттап берді. Оның айтуынша, Ресей бүгін Еуропадағы табысы ең төмен елдердің біріне айналған.

«Кеңес одағы кезеңінде де қиындықтар болған, бірақ сол кезде еліміз дамуға ұмтылып, ірі жетістіктерге қол жеткізген. Ал қазіргі жағдайда, керісінше, бұрынғы мүмкіндіктердің өзі жоғалып бара жатқандай әсер қалдырады», - деді академик.

Академик келтірген деректерге сүйенсек: Ресейде халық саны жыл сайын шамамен 600 мың адамға азайып отыр – бұл демографиялық дағдарыстың айқын белгісі. Экономикадағы өсім мардымсыз, ал бағаның қымбаттауы халықтың нақты табысын төмендетіп жіберген. Ресми статистика көрсеткендей, соңғы жылдары тұтыну бағасы айтарлықтай өскен.

Нигматулиннің сыны тек жалпы жағдаймен шектелген жоқ. Ол тікелей ел басшылығына қатысты мәселелерді де көтерді. Оның пікірінше, қойылған экономикалық міндеттердің көпшілігі орындалмаған, ал олардың орындалуын талап ету механизмі іс жүзінде жұмыс істемейді. Яғни, жауапкершілік жүйесі әлсіреген.

Өнеркәсіп саласындағы жағдай да алаңдатарлық. Мысалы, станок жасау сияқты стратегиялық маңызды салада жұмыс істейтін адамдар саны бірнеше есе азайған. Бұл тек өндірістің қысқаруы ғана емес, сонымен қатар технологиялық тәуелділіктің артып келе жатқанын көрсетеді. Оның орнына қызмет көрсету саласында, әсіресе күзет пен жеткізу қызметінде жұмыс істейтіндердің саны көбейген.

Ғылым саласында да жағдай оңай емес. Дамыған елдермен салыстырғанда, Ресейде ғылыми кадрлардың үлесі айтарлықтай төмен. Бұл ұзақ мерзімді перспективада елдің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етпей қоймайды.

ПУТИН МОЙЫНДАУҒА МӘЖБҮР БОЛДЫ...

Осындай ашық сыннан кейін билік тарапынан да белгілі бір мойындаулар болды. Үкімет отырыстарының бірінде Владимир Путин Ресейдегі экономикалық қиындықтарды мойындады. Мұнай бағасы жоғары болғанымен, бюджет тапшылығының артып, экономикалық көрсеткіштердің әлсіреп жатқанын айтты.

КРЕМЛЬГЕ ҚАРСЫЛЫҚТЫҢ АРТЫНДА ӘСКЕРИЛЕР ТҰР МА?

Дегенмен, ең қызық процесс ресми мәлімдемелерден тыс жүріп жатқандай. Кейбір сарапшылар соңғы уақытта блогерлер мен мемлекеттік медиадағы сынның бір мезетте күшеюін кездейсоқ құбылыс деп санамайды. Керісінше, бұл белгілі бір орталықтан басқарылатын процесс болуы мүмкін деген пікір бар.

Бұл жерде «әскерилер» деп аталатын күштік құрылымдардың рөлі жиі айтылады. Кейбір болжамдарға қарағанда, дәл осы топ елдің қазіргі бағыты тығырыққа тірелгенін түсініп, ықтимал өзгерістерге дайындалып жатқан болуы мүмкін.

Егер жағдай шынымен осы бағытта өрбісе, онда болашақта елдегі барлық қиындықтар үшін жауапкершілікті бір адамға жүктеу сценарийі де жоққа шығарылмайды. Бұл – саяси тәжірибеде бұрын да кездескен тәсіл. Сол арқылы жүйе өзін сақтап қалуға тырысады.

Қалай болғанда да, бүгінгі Ресейде байқалып отырған белгілер кездейсоқ емес. Академиктердің ашық сыны, бұрынғы жақтастардың күмәні, экономикалық қиындықтардың мойындалуы – бұлардың бәрі бір үлкен процестің бөліктері сияқты. Бір нәрсе анық: Кремль маңындағы ахуал бұрынғыдай емес. Жүйенің ішкі тіректері әлсірей бастағандай әсер қалдырады. Ал мұндай сәттер тарихта көбіне күтпеген өзгерістерге алып келген.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар