Құрбан айт - 2026: Еліміз бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

1779351289623767.jpg

(Сурет: muftyat.kz)

«Жыл басында еліміздегі барша дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамамда қос ұлық мейрамдарымыз – Құрбан айт пен Ораза айтты дәстүрімізге сай қоғамдық деңгейде атап өту қажеттігін жеткіздім. Алла қаласа, айт күндері «Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында республикалық деңгейде игі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар ұйымдастырылады. Жер-жерде мәдени-рухани кештер өткізіледі. Осы ретте еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырамын», - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Арапа күні биыл 26 мамырға сәйкес келеді. 27 мамыр– Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша Айт намазының кестесін жариялады. 

1779351263917947.jpeg 

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар