Тоқаев: Қазақстан Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымында авторлық мақаласын жариялап, онда Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің келесі кезеңіне өту қажеттігін мәлімдеді.

1782123275344984.png

(Сурет: euronews.com)

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда Қазақстан мен ЕО серіктестігі бұрынғыдан да маңызды екенін, ал алдағы ынтымақтастық үш негізгі бағытқа: тұрақтылықты нығайтуға, өзара байланысты кеңейтуге және азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Мақалада Тоқаев энергетика, сауда, көлік, цифрлық технологиялар және инновациялар салаларындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан ЕО елдеріне мұнай, мұнай өнімдері және табиғи уран жеткізілімінің айтарлықтай бөлігін қамтамасыз ете отырып, Еуропаның энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріндегі сенімді серіктесі болып қала береді.

Президент Еуропа мен Азияны байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (Орта дәліз) дамытуға ерекше назар аударды. Оның пікірінше, бұл бағыттың әлеуеті тек жүк тасымалын жеделдетуде ғана емес, сонымен қатар сауда, инвестициялар және экономикалық интеграция үшін жаңа мүмкіндіктер туғызуда жатыр.

Сондай-ақ, Тоқаев ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, аса маңызды шикізат материалдары, жасанды интеллект, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді қолдады.

Мемлекет басшысы жарияланымда Қазақстанда мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және биліктің есеп беру қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар