Ұлттық болмысты жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін қазіргі жастар тек көкке қарап, өз күші мен еркіндігіне сеніп өсуі тиіс дегенді айтады Нұртөре Жүсіп.

(Сурет: Arman Nukhatov / baq.kz)
«ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы нұсқаған «білімді, бай және күшті болу» қағидасы бүгінгі тәуелсіз ел ұрпағы үшін де басты бағдар болуы қажет. Тәуелсіздіктің арқасында кез келген жоба мен кәсіпті, ел болашағын өз қолымызбен шешуге толық мүмкіндік туды, сондықтан жас буын осы жауапкершілікті терең сезінуі шарт», - дейді Н.Жүсіп.
Нұртөре Жүсіп ХХІ ғасырда қазақ елі әлемдік аренада терезесі тең мемлекетке айналғанын, ендігі кезекте ішкі бірлік пен сапалық өсу бірінші орынға шығатынын алға тартады.
«Бүгінгі ұрпақтың басты артықшылығы - бұрынғыдай жалтақтамай, өз тағдырын өздері айқындай алуында. Осы орайда спикер жастарды білім мен бірліктің күшімен ұлттың жаңа белесін бағындыруға шақырады», - дейді Нұртөре Жүсіп.
Mezgil.kz