Қазақстан және Әлем: Біздің ең басты артықшылығымыз – ол біздің тұрақтылығымыз!

Қазір әлемде геосаяси тектоникалық өзгерістер жүріп, халықаралық қатынастар жүйесі қайта қалыптасып жатыр.

1784640833146188.jpg

(Суреттер: globalkz.biz, kt.kz)

Мұндай кезеңде табиғи ресурстарға бай, сирек металдардың мол қорына ие және стратегиялық логистикалық мүмкіндіктерімен ерекшеленетін Қазақстанның жаһандық экономикалық үдерістердегі маңызы арта түсуде.

Елдің географиялық орналасуы, көлік-логистикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері Қазақстанды әлемдік инвесторлар үшін тартымды бағыттардың біріне айналдырып отыр. Осы ретте Қазақстанның әлемдік оқиғалардың бел ортасында маңызды ойыншы ретіндегі орны және елдің басты стратегиялық артықшылықтары туралы сарапшы Айбар Олжайдың пікірін білдік.

— Біздің ең басты козырымыз – ол біздің тұрақтылығымыз. Қайта-қайта өзгеріп кете бермейді және заңымыз түсінікті. Жаңа Конституциямыз бар, ол жерде барлық кепілдіктер берілген. Жалпы, инвестициялық кепілдік берілетін ұғым енгізілген.

Сосын біздің капиталдардың елге кіруі, елдің ішкі қаржы секторы, қаржы транзакциялары қамтамасыз етілуі, берілуі, архитектурасы – бәрі жоғары деңгейде істелінеді. Мысалы, бізге қаржы кіргізіп, соны инвестиция ретінде пайдаланып, істеп кету оңай. Ешқандай акция жоқ, банктерде транзакцияларымыз оңай жүреді, ешкім оны алып қоймайды. Сосын барлық банктермен жұмыс істей алады, кез келген жерге қаржыны жібере аласыз. Барлық ойын ережелері түсінікті деуге болады.

Қазақстанның өзі декларациясында біз тұрақты, болжамды, қайда баратынымыз белгілі мемлекетпіз деп көрсетеді. Сосын инвесторларға осындай кепілдік береміз, одан еш нәрсе өзгермейді, тұрақты Конституциямызда осының бәрі енгізілген деп декларация жасап жүр. Сондықтан бұл көптеген елдерге қарағанда осындай үлкен артықшылығы бар.

Мысалы, басқа елмен біздің елде бірдей вольфрам кен орны болса, көбісі Қазақстанды таңдайтын еді. Өйткені біздің ашық декларациямыздың өзі соған негізделген.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар