Бүгін – 10 тамыз, елімізде 2020 жылдан бастап ресми түрде аталып өтілетін Абай күні. Бұл – тек ақынды еске алу күні емес, ұлттық рух пен сананы жаңғыртатын ерекше дата.

(Сурет: el.kz)
Абай Құнанбайұлы – қазақтың бас ақыны, дара ойшылы, ағартушысы әрі замана идеологы. Оның артында қалған асыл мұрасы мен даналық сөздері ғасырлар өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес. Абайдың ұлт тарихындағы орны мен болмысын Алаш арыстары мен қазақтың нарғасқа тұлғалары да жоғары бағалаған. Осы айтулы күнге орай, ұлы тұлғалардың Абай туралы айтқан пайымды пікірлерін жинақтап ұсынамыз.
Әлихан Бөкейханов:
«Қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың алған орны айрықша. Ол – қазақ әдебиетінің атасы, өз халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған шын мәніндегі халық ақыны».
Ахмет Байтұрсынұлы:
«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлы. Онан асып бұрын-соңды қазақ баласында біз білетін өлең жазған киімді ақын болған жоқ. Абайды түсінбей жүргендер болса, Абайды түсінуге тырысу керек».
Міржақып Дулатұлы:
«Абайдың өлеңдері – қазақ жанының айнасы. Оның әр сөзінде ұлттың ар-ожданы мен болашаққа деген аманаты жатыр».
Мұхтар Әуезов:
«Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға. Оның шығармашылығы – біздің ұлттық мақтанышымыз әрі әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі».
Жүсіпбек Аймауытов:
«Абай – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы. Оның сөзі – заманның сынына төтеп беретін мәңгілік асыл мұра».
Сәкен Сейфуллин:
«Абай – қазақтың жаңа әдебиетін бастаушы, терең ойдың, көркем сөздің шебері. Оның артында қалған асыл сөздері – болашақ ұрпаққа қалдырған шамшырағы».
Абайды тану – өзімізді тану. Уақыт өткен сайын һәкім Абайдың әрбір сөзі мен қара сөзінің тереңдігі бұрынғыдан да анық байқала түседі. Абай күні құтты болсын!
Mezgil.kz