Құрылтайдан кейінгі ауыс-түйісте еліміздің мәдениет және ақпарат саласын басқаруға кім келеді деген сұрақ барлық БАҚ өкілдерінің, өнер адамдарының, кино мен театр артистерінің, жазушылардың мазасын алғаны рас.

(Сурет: baq.kz)
Өйткені, қазіргі кезде мәдениетіміз бен өнерімізді дамытып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету өте маңызды мәселелер қатарына көтерілді.
Бүгін Астанадан бұл орынға белгілі мемлекеттік қызметкер Арман Оразбайұлы тағайындалғанын білдік. Әрине, алдын ала «ұзынқұлақтың» жеткізуінше бұл орынға бірнеше адам кандидат болған. Соның ішінен Арман Қырықбаевтың тағайындалуын жұрт жақсы ықылыспен қабылдады.
А.Қырықбаев бірталай жылдар шет елдерде елшіліктерде жұмыс істеген. Кейін Мәдениет министрлігінде бөлім, департамент басшылығында болды. Әкімшілікте де орынбасарлық қызмет артқарып, өзінің әуелгі Басқару академиясындағы алған біліміне ел басқарудың өмірілік тәжірибесін жинады.
Әсіресе, оның еліміздің мәдени астанасы аталатын Алматы қаласында жұмыс істеген кездері ел есінде. Ол кез келген қоғамдық ұйымдармен тіл табыса алды. Мәселені ушықтырмай, көптің пікірін ескере келе дұрыс шешімдер қабылдай алуымен көзге түскен болатын.
Сол себепті, Арман Астанаға қызметке ауысқан кезде оның кеткеніне өкінгендер де болды. Дегенмен, Арманның жоғары жаққа қызметке ауысуын ешкім сынаған жоқ, жұрт оны дұрыс шешім деп қабылдады. Осының өзі ақ Арман Оразбайұлының ел алдында беделді қызметкер екенін білдіреді.
Енді оның иығына еліміздің мәдени саласы мен ақпараттық өрісін дамыту жүгі жүктелді. Ол оны абыроймен атқарып шығады деген сенімдеміз.
Mezgil.kz