Президент Жарлық шығарды. ҚР Қорғаныс министрлігіне кешенді тексеріл жүргізіледі...

(Сурет: kazpravda.kz)
Ақорда ақпараты: Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылды.
Жарлықта: Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізілетіні жазылған.
Осы кісі қызметінен алынады-ау: Бұл кісі - ҚР Қорғаныс министрі - Дәурен Қосанов. Авиацияның генерал-лейтенанты. Қорғаныс министрлігін 2025 жылдың маусым айынан бері басқарады.
Сын: Бұл кісі қызметіне кіріскелі қоғамның сынына 2 мәрте ұшырады. Бірі - 2025 жылы әскери борышын өтеу кезінде ұлдары қаза тапқан немесе жарақат алған әйелдердің талабы туралы БАҚ сұрағына "бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді" деп күліп жауап берген. Екіншісі - Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты сын айтылуда.
Ал комиссия құрамында:
Аида Балаева – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;
Әлихан Смайылов – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;
Ержан Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
Жанат Элиманов – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
Мұрат Баймұқашев – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы;
Мәди Тәкиев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Жандос Өмірәлиев – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;
Әли Алтынбаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;
Азамат Әмрин – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі бар.
Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндалмақ!
Mezgil.kz