Витас өз үйінде оқ атты

4.jpeg


Ресейлік әнші Витас өзінің Барвихадағы қала сыртындағы үйінде тапаншадан оқ атты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

«Бүгін Барвихада Виталий Грачев, яғни, көпшілікке танымал әнші Витас тапаншадан оқ атты, ешкім зардап шеккен жоқ. Әншіден полиция бөлімшесінен түсінік алынды», - деді құқық қорғау органдарының өкілі.

Алайда, Витас мас болды ма, жоқ па, ол жайында еш мәлімдеме берген жоқ. Өз кезегінде, Мәскеу облысы ІІМ ҚБ баспасөз қызметінде Обинцовский ауданында атылған қару дыбыстары естілгенін растады.

«Одинцовский ауданында оқ атылуына байланысты 1979 жылы туған ер адамға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады», - деді баспасөз қызметінде.



Ұқсас тақырыптар