ШҚО-ның Шемонаиха ауданында 100-ден аса адам эвакуацияланды

5.jpg


Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жасағы жергілікті тұрғындарды эвакуациялап жатыр, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Шемонаиха ауданында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді.

«Қазіргі таңда 107 адам, соның ішінде 12 бала су алған үйлерінен эвакуацияланды. Адамдардың жартысы мектептерге, қалғаны туыстарына орналастырылды. Құтқару жұмыстарымен 11 техника, жеке құрамның 50 адамы айналысуда», - делінген хабарламада.



Ұқсас тақырыптар