Жаңа жел генераторын ойлап тапқан Нұржан

Бөдес Нұржан Махсұтұлы – Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы, өнертапқыш. Арзан әрі тиімді энергия көзімен қамтамассыз ететін жел генераторын олап тапқан. Қазіргі қолданылып жүрген генераторлардан әлде қайда жылдам, әрі ыңғайлы жұмыс істейтін құрылғысы көптеген адамдарды қызықтырып отыр.

1.JPG

Жасыл энергия

Жоба менің досым Ибрагим Мұхаммедәлі Алданұлымен бірге жасалынған болатын. 2017 жылы өткен ЭКСПО 2017 көрмесі Қазақстанның болашақ дамуына бағдар берді. Осы жаңа конструкциялы жел генератор жобасы, Қазақстанның даму бағдарына сай, демек "жасыл" энергияны дамыту бағдарында құрылған болатын. Жел генераторы арзан және тиімді энергия көзі болып келеді. Сондықтан, жел энергиясын қолданып, жел генераторларын дамыту маңызды.

Желдің жылдамдығына ілеседі

Біз ұсынған жоба жел генераторының ішкі құрылысын өзгертуге емес, сыртқы конструкциясын өзгертуге бағытталған. Қазіргі кезде қолданылып жүрген генераторлар вертикаль орналысқан қанаттардан құрылған. Ал генератордың тиімділігін жоғарлату үшін, оның қанаттарын жел соғып тұрған бағытқа қарай бұру қажет. Біз генератордың қанаттарын горизонталь түрде орналастыруды және оны сыртынан шатыр тәріздес конструкциямен қаптауды ұсынып отырмыз. Шатыр тәріздес конструкция арқылы әр жақтан соққан желді құрылымын бұрмай қолдана аламыз. Оған қоса, конструкция жоғарылаған сайын жіңішкереді. Осылайша, біз соққан желдің жылдамдығын, ағынның үзіліссіздік теңдеуін қолданып, арттыра аламыз. 

2.JPG

Автономды энергия көзімен қамту

Жобаның мақсаттары – жел генератор конструкциясын жетілдіру және жел генераторларын қала инфраструктурасына енгізу болып табылады. Күн панельдерін қала инфраструктурасында кеңінен қолданатыны бәрімізге белгілі. Мысалы, күн панельдері арқылы жарықтанатын жаяу жүргінші жолдары, көше шамдары, жеке үйдің автономды энергия көзі ретінде қолданылуы. Ал жел энергиясының қолданылуын қала инфраструктурасынан әлі көрген жоқпыз. Біздің жоба жаңа конструкциялы жел генераторын үйдің төбесіне орнатуды көздейді. Осылайша, тұрғын үйді автономды энергия көзімен қамтуға болады. 

Жаңа конструкциялы генератор

Екеуіміз арамызда әрдайым неше түрлі тақырыптарға сөз қозғаймыз. Физикаға жақын болғандықтан, жиі талқыланатын тақырыптардың бірі - инженерия. Ойымызда ойлап табылған, неше түрлі инженерлік жобаларды әрқашанда бір-бірімізге ұсынып, ақылдасамыз. Жаңа конструкциялы генератордың идеясына да осылайша жеттік. Мұхаммедәлі жаңа конструкция идеясын ұсынып, мен оны ары қарай дамытуға септігімді тигіздім. Жел генераторынан басқа, басқа да жоспарланған, ойлап табылған жобалар жүзеге асырмақшымыз.

3.JPG

Соңғы нұсқасы дайын

Жобаны жасауға 2-3 айдай уақыт кетті. Жобаның моделін құрастыруға бізге Жұманұлы Нұрлан ағайымыз көмек көрсетті. Физика пәні мұғалімі Мамадилова Замира Камалитденовна, бізге жобаның жетілдіретін тұстарын көрсетіп, жобаны жетілдіріп, соңғы нұқсасына дейін жетуге үлкен көмек көрсетті. 

Құрылымы мен ерекшелігі

Жобаның ерекшелігі, жел генераторының горизонталь қолданып, сыртынан шатыр тәріздес конструкциямен қаптауында. Оған қоса, біз жаңа конструкциялы жел генераторын үй төбесінде қолдануды ұсынамыз.

4.JPG

Конструкцияның басты бөлшектері бұлар: генератор және конструкцияның өзі. Жобаның ерекшелігі оның басқа үлгілерден арзан болуында. 100кВт қуаттағы жел генераторының бағасы 39 миллион теңге шамасында болса, біз ұсынған жоба үлгісі 2 181 000 теңге болмақ. Бұл жерде, 1 959 000 теңге электроқозғалтқыштың бағасы болса, 222 000 теңге генератордың сыртын қаптайтын 98,9 м2 поликарбонаттың бағасы. Орташа алынған Астананың 4м/с желінде біздің генератор 73кВт қуат өңдіруі мүмкін. Жобаны жасау барысында біз жел генераторының конструкциясын құрастыру барысында қиыншылықтарға тап болдық.

Функциясын көбейткіміз келеді

Болашақта біз жобамыздың макетін жетілдірмекпіз. 3D принтер арқылы конструкцияны басып шығарып, модельдегі генераторды қуаттырақ генераторға ауыстырсақ, жоба моделінің функционалдығын көбейте аламыз.

Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар