Жас физиктер «Smart автотұрақ» жасауда

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 6млн 136 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Күн-түн демей ағылып жататын техниканы қолданушылардың саны артып келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек бір Алматының өзінде 46 мың 616 көлік тіркелген. Бұған қарап, халықтың қажеттілік деңгейінің өскенін байқаймыз.

1.JPG

Алайда, көлік көбейген сайын кептеліс мәселесі алдыға шығады. Көліктің көптігі тек жолда емес, тұрақтарда да кезектің пайда болуына әкеліп соқтырады. Осы мәселенің алдын алу үшін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техника факультетінің студенттері Ибадулла Құрман мен Сембаев Нұрсұлтан ақылды автотұрақ ойлап тапты. Ақылды автотұрақ заман талабына сәйкес бағдарламалау арқылы көптеген мәселелердің шешімін табуға бағыттаған. Автотұрақ көптеген байқауларда топ жарып, инвесторларды қызықтырып үлгерген. Жоба авторы Нұрсұлтанды әңгімеге тарттық.

- «Smart автотұрақ» жасаудағы мақсаттарыңыз қандай?

- Еліміздегі ірі қалалардағы және аймақтардағы халықтың, қауымдастық қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесіне айналған – «автотұрақ» кешенінің заманауи техникалық құралдар көмегімен халыққа қолжетімді әрі ыңғайлы жолмен жасап шығару басты мақсатымыз. Бұндай жоба жасау идеясын ұстазымыз, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің аға оқытушысы, РһD докторы Налибаев Еркебұлан Дүйсенбекович тастаған болатын.

- Ол қалай жұмыс жасайды? Қарапайым автотұрақтардан несімен ерекшеленетін болады?

- Жекеленген қызметкерлер арнайы құжаттармен тіркеліп, кешенге сол құжат арқылы немесе мобильді жүйе арқылы кіріп-шығуына болады. Тұраққа кірген кезде LED-экранда тіркелген адам туралы ақпарат және арнайы тілек жазылатын болады. «Smart автотұрақтың» ерекшелігі акустикалық жүйе орнатылып, көлік қоюшылар үшін күй ойнап, ән шырқалып тұрады. Тәртіп бұзушылықты болдырмау үшін, тіркелген көліктердің әрқайсысының жеке орны тағайындалады. Әр орынды тек орын иесі өзі ғана ашуға құқылы шлагбауымдар орнатылады. «Smart автотұрақ» ЕСО-жүйеге негізделіп жасалған. Әсіресе, электр энергиясымен қозғалысқа түсетін көліктер үшін көптеген мүмкіндік бар. Әр тұрақта арнайы электр көзі болады.

2.JPG

- Көлікті қуаттандыру үшін энергия көзі керек. Қуатты қайдан аласыздар?

Электр тогын күн элементінен алатындықтан, электр энергиясын көп мөлшерде үнемдей аламыз. Арнайы заряд жинаушылар арқылы ток батареяға жиналады, сондықтан шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Артықшылығы уақытты үнемдеу, автотұрақ кешеніндегі реттілік болып отыр.

- «Smart автотұрақ» қандай платалар мен электронды құрылғыларды қажет етеді? Қосымша жабдықтар керек пе?

- Жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше электронды құрылғылар қолданылады. Олар MEGA Arduino – тіркелген құжаттарды тануға және шлагбауымды ашып-жабу үшін жазылатын арнайы құрылғы. Күн элементі – автотұраққа күннен энергия алуға арналған құрал. Фоторезисторлар – фотоэлектірлік аспап. Дальнометр – сезгіш аспап. JK Дисплей – арнайы жазуларды көрсететін құрал. Жарық диоды және Bluetooth модуль. Сонымен қатар, автотұрақ кешені үшін басқару көзі – ноутбук, қысқыш сымдар, колонкалар, трубабағандар, бақылау камералары қажет.

3.JPG

- «Smart автотұрақ» несімен пайдалы болмақ? Оны қанша уақытта іске қосасыздар?

«Smart автотұрақ» - радиотехника, электроника, телекоммуникация салаларына үлкес үлес қосатын әлеуметтік жоба. Қазіргі таңда инвесторлар іздестірудеміз. Қаржылай демеуші табылғаннан кейін жұмыс бастайтын болсақ, бір автотұрақты толығымен дайындап, қолданысқа енгізу үшін 1,5-2 ай шамасында уақыт кетеді.Бұл жоба тек техникалық тұрғыдан ғана емес, мәдени тұрғыдан да дамуымызға, алдыңғы қатарлы ел болуға өз әсерін тигізетініне сенімдіміз.

Жігіттердің жасаған автотұрағы ел дамуына үлес қосардық тың жоба. Болашақ техниканың қолында болғандықтан, заманауи технологияларды меңгеріп, уақыт талабына сай етіп дайындау өте маңызды болып отыр. Шетелдерде ақылды автотұрақтарды шығару біраз уақыт бұрын қолға алынған. Соның нәтижесінде көптеген мәселер өз шешімін тауып келеді. «SMART» жүйелермен жұмыс жасайтын құрылғылар мен нысандар шығару алдыңғы қатарлы ел болға үлес қосары рас.

Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар