Жас өнертапқыштар болашақтың құрылғысын жасап шықты

Жас өнертапқыштар Әсет Жаңабаев, Руслан Полищук және Қайнар Мусин көлік өндірісінде ерекше орын алатын гексопотты ауыстыратын трипот ойлап тапқан. Бұл жоба арқылы кез келген заттың орын ауыстыру жүйесін қадағалауға болады екен.

асет.jpg

– Сіздердің жобаларыңыз қандай мәселелерді шешуге көмектеседі?

– Жобамыздың басты ерекшелігі – орын ауыстыруға қатысты барлық мәселелерді еркін шешетінінде. Құрылғы нысанның кез келген жерде орналасуын қадағалап, оның барлық нүктелер мен бұрыштарға көшірілуіне мүмкіндік береді. 

– Басты бәсекелестеріңізден ең басты үш артықшылықтарыңыз неде деп ойлайсыздар?

– Біздің басты бәсекелесіміз орын ауыстыру үсімен айналысатын – гексопод. Екеуінің де қызметі бір. Алайда, триподтың артықшылықтары көп. Сондықтан бұл жобамыз өте тиімді деп ойламыз. Бірінші ерекшелігі – гексоподтың 6 аяғы бар, ал триподта 3 аяқ бар. Бұл шығынның аз болатынын және уақыттың әлдеқайда тиімді жұмсалатынын байқатады. Екіншіден, біздің құрылғы нысанды әлдеқайда алыс арақашықтыққа орналастырып, гексоподқа қарағанда бұрылу бұрышы ауқымды болып келеді. Ал ең басты артықшылығы – көлемінде. Трипод гексоподпен салыстырғанда ықшамдалған, кішірек, қолайлы  етіп жасалған.

кайрат мусин.jpg

– Өнімдеріңіз кімге қолдануға тиімді болады?

– Трипод индустриялық, инновациялық өндірістерде қолданылады. Мәселен, көлік бөлшектерін жинау кезінде немесе бояу жұмыстарын жүргізу барысында. Ұшақ кабинасында жасалатын симуляциялық ұшу кезінде өте пайдалы болмақ. Яғни техника өндірісінде үлкен орын алатын болады. Осындай заводтар қазірдің өзінде біздің жобамызға қызығушылық танытып отыр. Сондықтан да, тұтынушыларымыз аз болмайды деген үміттеміз.

– Жобаны толық жүзеге асыру үшін қанша уақыт қажет болады?

– Әр жұмыстың жасалуы өндірушілерге және қаржыландырушыларға тікелей байланысты. Екі жақтан да жақсы жұмыс жасалар болса трипод тұтынушыға 2-3 жылдың көлемінде жететін болады. Ол үшін, көп еңбек пен қаражат қажет болатыны жасырын емес.

– Жобаларыңыздың мақсаты қандай?

– Басты мақсатымыз – бағасы жағынан қолайлы, арзан, ықшамдалған, универсалды жүйе ұсыну. Сол арқылы нысанды тасымалдап, орналастыру жұмыстарын жеңілдетіу. Тұтынушыға тиімді құрылғы ұсыну.

– Ол қалай жұмыс жасайды?

руслан.jpg

– Ол үшін дайын платформадан кеңістіктегі нысан мен позицияны бақылаушы арқылы анықтап, жүйенің берілген бұйрықты қабылдап, жұмыс жасағанын күтесіз.

– Жобаларыңыз қаншалықты сұранысқа ие болады деп ойлайсыздар?

– Біздің жобамыз индустрияда өте маңызды болып табылады. Бұл болашақтың құрылғысы деп айтсақ артық етпейді. Техниканың шексіз мүмкіндігі жобамызды ғұмырлы етпек. Егер менің көлік өндіретін, техника жасайтын зауытым болса, мен бұл жүйені міндетті түрде қолданатын едім. Өйткені, ол өте тиімді.

Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар