Қарағандыдағы Костенко шахтасында болған жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккен кеншілер Х. Мақажанов облыстық клиникаға және басқа да медициналық мекемелерге жедел жеткізілді. Дәрігерлер бригадалары жағдайдың ауырлығына байланысты келіп түскен кеншілерді уақтылы емдеуді бастады.
Қарағанды, Абай және Шахтинск қалалары стационарларының қабылдау-диагностикалық бөлімшелеріне 28 адам жеткізілді. Оның ішінде 24 зардап шегуші ауруханаға жатқызылды, оның ішінде:
20 адам Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» ШЖҚ КМК токсикология бөлімшесіне түсті. Оларға жеңіл және орташа ауырлықтағы улы газдармен уланған. Науқастардың жағдайы бірқалыпты, детоксикация және симптоматикалық емдеу жүргізіледі.
Бір пациент Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» ШЖҚ КМК реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды. Ол полижарақат алған: ОНХМТ, миы шайқалған, маңдайы көгерген, Л3, Л4, Л5 көлденең сынған, сол жақта 4,5,6 қабырғасы жабық сынған және оң жақта 10 қабырғасы жарақаттанған, оң жақта мықын сүйек бөліктері жабық сынған, сол жақта сыртқы тобық жабық сынған, екі өкпесі көгерген. Жағдайы тұрақты, есін біледі. Травматикалық шок құбылыстары регрессия берді.
Тағы бір пациент Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» ШЖҚ КМК травматология бөлімінде сол жақт пневмоторакс, орташа ауырлықтағы жағдаймен жатыр.
Екі кенші Шахтинск қаласының орталық ауруханасы КМК терапия бөлімшесінде жатыр. Олар улы газбен уланған, жағдайы орташа ауырлық дәрежесіне жақын, интоксикация және энцефалопатия құбылыстары ұлғайған жоқ.
Бейсенбі күні диагностикалық бөлімшелер деңгейінде зардап шеккендер тексеріліп, амбулаториялық емдеуге жіберілді. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты.
Барлық пациенттерге қажетті диагностикалық тексерулер жүргізілді: зертханалық зерттеулер, компьютерлік томография, ультрадыбыстық, рентгенография, медициналық көмек көрсету үшін барлық бейінді қызметтер (нейрохирургтер, травматологтар, хирургтар, терапевттер, токсикологтар, реаниматологтар, психологтар, функционалдық диагностиктер) тартылды.
Травматология және ортопедия ғылыми орталығының, нейрохирургия ғылыми орталығының Республикалық мамандарымен консультация өткізілді, барлық облыстық штаттан тыс мамандар жұмылдырылды.
Барлық пациенттер медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр.
Mezgil.kz