Шетелдік инвесторлар халықтың мұнайын қалай пайдаланып жүр?

Қазақстанның министрлер кабинеті елімізде Қашаған мен Қарашығанақ секілді екі ірі мұнай кен орындарын игеріп жатқан операторларға қарсы халықаралық арбитражға шағым түсіргенін ресми растаған биылғы 2023 жылдың наурыз айында формальды түрде бастау алып, жалғасып келе жатқан шетелдік мұнай-газ компаниялары мен Қазақстан билігі арасындағы сот тартыстары өзіне назар аудартуда.


A5VEypjZx0pi3hacJLZgwmKG8uAMOn1Fsx0yfypA.jpg


Мәселен, биылғы жылдың қазан айында Экология және табиғи ресурстар министрлігі North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық мұнай консорциумы операторының оған салынған 5,1 млрд доллар көлеміндегі айыппұлға қатысты талаптарының бір бөлігін ғана қанағаттандырған Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне аппеляциялық шағым түсірді.  Компания айыппұлды сотта даулап, сот бұл шешімдерді заңсыз деп танып, қазақстандық ведомство шығарған он заң бұзушылықтың үшеуінің күшін жою туралы ұйғарымдардың күшін жойды, олар өз кезегінде бұл шешімге апелляциялық шағым түсірді.


Еске салайық, алғашында бір топ батыстық компаниялар Қарашығанақта 3,5 миллиард доллар және Қашағанда 13 миллиард доллар көлемінде санкцияланбаған шығындар жасады деп айыпталды, Қазақстан билігінің талаптары 2010-2019 жылдар аралығын қамтыған болатын, жалпы халықаралық арбитражды соттарға жалпы сомасы 21 миллиард доллардан асатын төрт талап арыз жолданды. Бұл ретте Қазақстан билігі ұсынылған талаптар Қазақстан мемлекеті мен шетелдік инвесторлар арасындағы екі кен орны бойынша өнімді бөлу туралы келісімдердің (ӨБК) талаптарын сақтауға қатысты келіспеушіліктерге жауап екенін жасырмады. Қашаған жобасын Exxon Mobil, TotalEnergies, Shell және Exxon Mobil сияқты батыс компаниялары тобы  атынан әрекет ететін North Caspian Operating Company (NCOC),  ал Қарашығанақ кен орнын Shell, Eni, Chevron секілді батыс компаниялары және ресейлік «Лукойл» мен қазақстандық «ҚазМұнайГаз» АҚ  консорциумы аясында Karachaganak Petroleum Operating BV., басқарады. 


Егер мемлекет нәтижеге қол жеткізсе, онда Қазақстан кен орындарынан түсетін кірістердің көбірек бөлігіне ие болып, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезінде шетелдік компаниялармен жасалған өнімді бөлу туралы келісімдерді (ӨБК) қайта қарауға мүмкіндік туады, бірақ 2037 жылға дейін жария етпеу туралы тармақты қамтитын өнімді бөлу туралы келісімдерде (ӨБК) бекітілген шарттардың мазмұнын жарияламай, мұны істеу мүмкін емес. «Ақ жол» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары ҚР Конституциялық сотына тиісті үндеу жолдау арқылы мұндай жарияланымға қол жеткізуге тырысқанымен, Конституциялық сот олардың өтінішінде көрсетілген мәселелер құзыретіне жатпайды деген желеумен бұл ақпаратты алуға рұқсат берілмеді.


Бір қызығы, сот процестерінің жаңа кезеңі және «Ақ жол» партиясының Конституциялық сотқа жүгінуі туралы ақпаратпен қатар үкімет дәліздерінде Қашағандағы мұнай өндіру толығымен тоқтатылуы мүмкін деген қауесет те тарауда.

 

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар