Қазақстан киноматографиясы тағы бір тағлымға толы туындымен толықты. Кейінгі уақытта тек жеңіл-желпі, сапасы сын көтермейтін комедиядан көз ашпаған көпшілік мазмұнға бай, көңілге ой салар фильмдерге шөлдеп қалғаны байқалады. Оның мысалы ретінде кешегі «Міржақып. Оян, қазаққа» оқтын-оқтын жиналған қарасы қалың қазақ.
Әсіресе, жастардың көптеп келуі көңіл қуантты. Алдағы уақытта осы бір туындының жолын басар, жастардың рухын көтеруге бағытталған «Бүркіт» әскери фильмі жарыққа шықпақ.
Данияр Ибрагимовтың режиссерлығымен түсірілген фильмде адамның өз арманына жету жолында қандай қиындыққа болсын төзіп, адамгершілігін жоғалтпаудың жарқын үлгісін көрсетеді.
Фильм бізге кейіпкердің миссияны орындауға деген адалдығы, достықты сақтай білуі, өз мақсатына беріктігі туралы әңгімелейді.
Фильмнің басты кейіпкерлері – үш арнайы жасақ жауынгері және үш ең жақын достар Руслан, Қайсар, және Айбын «Крап берет» алуды армандайды. «Крап берет» алу жолында оларды күтіп тұрған кедергілерге қарқынды дайындалады. Бірақ соңында ең ауыр сынақтардан, күші тең емес жекпе – жектен олардың біреуі ғана өтеді, ал үш достың ішіндегі ең мықтысы – Айбын болып шығады. Аяғында Айбын салтанатты түрде «Крап беретке» қол жеткізіп, өзімен күші теңдестердің қатарына тұрады. Ал, Руслан өзінің сыннан өте алмағаны үшін жазғырып, тек досының сыртынан бақылап тұрады.
Осылайша өрбіген фильмнің ішінде шытырман оқиғалар, достық, сенім, жарыс, тартыстың бәрі бар.
Фильм 95 минутта аяқталады. Қазақ және орыс тілдерінде көрерменге жол тартады. Туындыға елімізге белгілі театр және кино актерлары түскен.
Mezgil.kz