Қазақстанда фонаграммамен ән айтуға тыйым салуды ұсынған петиция жарияланды. Петиция «alash.online» платформасында жарияланған.
Онда:
«Қазақстанда музыка саласы белсенді дамып келеді. Ай сайын республиканың аймақтарында отандық және шетелдік өнерпаздардың концерттері өтеді.
Орындаушылардан қайталанбас тәжірибе мен эмоционалды қарым-қатынасты күткен көрермендер концерттік бағдарламалардың сапасының төмендігімен, атап айтқанда саундтректердің кеңінен қолданылуымен бетпе-бет келіп отыр. Сонымен қатар, кейінгі жылдары концерт билеттерінің құны айтарлықтай өсті.
Біз, Қазақстан азаматтары, қазіргі жағдайға көңілі толмайтынымызды білдіреміз және еліміздің музыка индустриясында фонограммаларды пайдалануды реттеуді талап етеміз, атап айтқанда:
- музыкалық қойылымдарда фонограммаларды қолдануға тыйым салатын шараларды енгізу;
- табиғи орындауды ұнататын отандық әртістерді қолдау, олардың шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау және ынталандыру;
- музыкалық мәдениетіміздің болашағын қамтамасыз ету үшін жас музыканттарды дайындау және қолдау.
Фонограмманы пайдалануға тыйым салу тыңдарманның мүддесін қорғап қана қоймай, музыканттардың шеберлігі мен ерекше стилін көтермелеу арқылы дамуына ықпал етеді.
Осы маңызды мәселені қоғамда талқылап, мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылдауға шақырамыз», - деп жазылған.
Mezgil.kz