Смайылов: «Шетелдіктерге жер беру деген мәселе көтерілген жоқ»

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Қазақстан БҚО жерлерін шетелдіктерге бермек» деген алып-қашпа әңгіме туралы пікірін білдірді.


pm-1-reliz.jpg


«Қазақстан Республикасының жер туралы кодексінде шетелдіктерге, шетелдік компанияларға немесе шетелдіктердің қатысы бар қазақстандық компанияларға ауылшаруашылығына арналған жерлерді меншікке немесе пайдалануға беруге тыйым салынған. Ондай құқық тек қана қазақстандықтарда бар. Сондықтан шетелдіктерге жер беру деген мәселе еш қаралып жатқан жоқ, қаралмайды да», -деді премьер-министр журналистерге берген жауабында.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар