Ақтоты Райымқұлова ТҮРКПА Бас Хатшысымен кездесті

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА)Бас хатшысымен кездесті.


Казахстан и ТЮРКПА нацелены унифицировать правовые основы безопасности и  качества продукции

 

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) штаб-пәтерінде Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сурейя Эйрмен кездесті.

 

Ақтоты Райымқұлова шақыруға алғыс білдіріп, бірінші кезекте Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуымен құттықтады. Кездесуде ұйым президенті Түркі әлемінің бай мәдениеті мен мұрасын қорғау, зерделеу және дәріптеу, түркі халықтары арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды нығайту бағытындағы жобаларды іске асыратын Қордың қызметі туралы айтып берді.

 

Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясымен ынтымақтастығын атап өтіп, Ақтоты Райымқұлова түркі әлемінің мәдениеті мен мұрасын қорғау және ілгерілету саласындағы ұйымдар арасындағы әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтуге сенім білдірді.

 

Кездесу барысында өзара ынтықтымақтастықты күшейтетін сұрақтар бойынша пікір алмасулар, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты мәселелер талқыланды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар