Зорлық-зомбылық мәселесін мазақ қылған: Блогердің басы дауға қалды

Invictus фитнес-клубтар желісі блогер Әлихан Байзақовты енді есігінен аттатпайтын болды. Оған себеп: әлеуметтік желіде миллионнан астам оқырманы бар блогер әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықты келеке етіп, видео түсірген. Күйіп тұрған проблеманы мазақ еткен блогердің іс-әрекеті көпшілік қауымның ызасын туғызды.


xuFUB7JSvP5IlenxNimw1J98QuXeJ3ZkphkQfxPX.jpg


Видеода Байзақов грушаны әйел бейнесінде көрсетіп, тізерлеп сақина ұсынып, сөз салғандай болады, содан кейін грушаны тепкілей бастайды.

Ол видеоның сипаттамасына «POV: егер ол қарсы болса» деп жазып қояды.


Фитнес-клуб Әлихан Байзақовтың бейнеролигіне наразылығын білдіріп, этикаға жат қылық деп атады. Компания өкілдері блогермен хабарласып, оған видеоны алып тастауды сұраған, алайда Байзақов өз әрекетінен зорлық-зомбылықты насихаттайтын белгілер көрмепті. Сондықтан фитнес-клубтар желісі блогерді өз клубтарына кіру мүмкіндігінен айырды.


Аз уақыттан соң Байзақов шулы видеосын өшіріп тастады.

 

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар