ҰҚК: «Қаңтар оқиғасы кезінде жасырылған қару-жарақтар табылды»

24 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады.

1706602623220658.jpg

«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Фото: ҰҚК Instagram парақшасынан

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар