Астана: Ассамблея өкілдері Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Наурыз мерекесіне орай Қазақстан халқы ассамблеясының елордалық филиалы Достық үйінің алаңында «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты ауқымды іс-шара өткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

1712132887681563.jpeg

(Сурет Астана әкімдігі сайтынан алынды)

Іс-шара алаңында бес киіз үй тігіліп, олардың әрқайсысы белгілі бір этномәдени бірлестікке арналды.

«Наурыз – тарихы тереңде жатқан, жаңару мен жасару мерекесі. Біздің халқымыз оны ұлы күн деп бекер айтпаған. Наурызнамның онкүндігі аясында біз Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің өкілдерін, елшіліктердің дипломаттарын, сондай-ақ қала қонақтарын көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесін бірге атап өтуге шақырдық. Елорда әкімдігінің атынан жыл сайын мұқтаж, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, ерекше балаларға үлкен көмек көрсететін Қазақстан халқы ассамблеясының қалалық меценаттарын марапаттау рәсімі өтті», – деп атап өтті Астана ҚХА Хатшылығының қызметкері Гүлнәр Тайгокова.

Қонақтар спорт ойындарына, оның ішінде бұқа тартыс, асық ату, қазақша күрес, қол күрес, гір көтеру ойындарына қатысты. Сондай-ақ, көрермендер елордалық этномәдени бірлестіктердің экспозицияларына барып, этностардың мәдениетімен, дәстүрлерімен және ұлттық тағамдарымен танысты.

Мысалы, «Юнчи» дүнген орталығы қалыңдықтың шаш үлгісінің құпиялары туралы айтып берді, Әзербайжан және түрік этно бірлестіктерінің киіз үйінде қолданбалы өнер бойынша мастер-класс өтті, онда қынамен сурет салу көрсетілді. Екі халықтың ұлттық тағамдары да ұсынылды.

«Өздеріңіз білетіндей, Наурыз мейрамымен қатар ораза айы да өтіп жатыр. Бұл көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсетудің маңыздылығын еске салатын ерекше күндер. Біздің міндетіміз – қолдауымызға мұқтаж адамдарға – балаларға, отбасыларға, қиындықтарға тап болған адамдарға көмектесу», – деп атап өтті «Хазар» этномәдени бірлестігінің төрағасы, меценат Маир Рзаев.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар