«Темір-терсек королі» мемлекеттік реттеуден неге қорқады?

Сынықтарды жинаушылар - ескі металл бұйымдарын жинаумен ғана табыс табатын адамдар тобы болып табылады. Темір-терсектердің арасында ешкімге қажеті жоқ автомобильдер және басқа да көлік түрлері болуы әбден мүмкін.

1718636630445179.jpg

(Сурет: inbusiness.kz)

Бұл дегеніңіз сонау 2016 жылы қазақстандық темір-терсек жинау империясының «әкесі» атанған Владимир Дворецкий жоғалтқан мейлінше майлы шелпек еді.

Егер автомобильді кәдеге жарату мүмкін болмаған жағдайда өтілге тапсырады. Бұндай өткізу жағдайы әбден ескі, шіріген машиналарға ғана қатысты емес, тіпті жарамды машиналар арасында болуы да ықтимал. Мысалы, егер бұндай машинаның түрі сирек кездесетін маркалы болса, онда оның қосалқы бөлшегін ешкім жасамайтын қат дүниеге айналатыны айтпаса да түсінікті. Немесе ЖКО-дан кейін машинаны қалпына келтіру оның өзіндік құнынанда қымбатқа түседі. Бір сөзбен айтқанда, бұл енді иесі үшін автомобиль емес, тезірек құтылуға тырысатын басы артық қоқыс. Заң тұрғысынан алып қараған шақта, өтілге өткізуге жататын машина - бұл қатынас құралы емес, керісінше ары қарай кәдеге жаратылуы үшін арнайы ережелері бар қалдықтар болып табылады. Сол себепті де, расын айтқанда, жұрттың бәрі осы аталған ережеге бағына бермейді.

Метал сынықтары бизнесі – негізінен мемлекеттік ережелермен нашар реттелетін сала. Қалай болғанда да Владимир Дворецкийдің өз басы өз империясының мемлекет тарапынан бақылау қалғандығын ондаған мың адамның жұмысына негізделгенін еш жасырмайды.

Бірақ – бәрін рет-ретімен сөз ете кетейік...

Владимир Дворецкий – физика-математика ғылымдарының кандидаты, білімді адам. КСРО ыдырағанға дейін жоғары оқу орнында сабақ беріп, кейін бизнеске біржола кетті. 90-шы жылдардың басында Қазақстанда адым аттаған сайын металл қабылдау пункттеріне кез болатсың. Ол жерлер теледидарлар және шешейлердің қасықтарынан бастап, зымыран сатылары мен оқ-дәрілерге дейін бәрін қабылдады. Бұл бизнесті негізінен криминалдық элементтер уыстарында ұстап тұрды.

«Владимир Яковлевич Дворецкий өзінің мансабына қайта құру кезеңіндегі қайғылы оқиғағалардан һәм «металл үшін соғыстың» жазықсыз құрбаны болған мыңдаған қазақстандықтардың сүйектері арқылы қол жеткізді. Ол кезде 90-шы жылдары бүкіл ел бойынша «құзғындар» мен металл қабылдау пункттері пайда болып, онда жарты литр самогонға қараусыз жатқан немесе құны әлденге тұрарлық нәрселердің бәрі қабылданды. Кедейшілік пен маскүнемдік Владимир Яковлевич Дворецкийдің әріптестеріне нағыз алтын қамбаның есігін ашты.

Қысқа уақыт ішінде барлық консервацияланған кәсіпорындар мен фабрикалар металдан тазартылып, оларда орналасқан жаңа жабдықтар түкке тұрмайтын бағаға саудаланды. Осы кезеңді бастан кешкен жандардың айтуынша, кәсіпорындардың, машина аулалары мен өндірістік аймақтардың жұмыскерлері «Дворецкий» құзғындарының «көзіне түскен құрал-жабдықтар мен техниканы жұдырығымен қорғап харекеттер жасады», - деп жазды кейбір БАҚ.

Қайыра қорыту металлургиясының басын ашып алар болсақ. Ол – металдарды қорыту мен түсті металды жинап, қайыра балқытып экспорттау. Тіпті Семей полигоны аумағындағы радиоактивті металл да Қазақстаннан Қытайға тасымалданып тұрды.

Саясаттанушы Марат Шибұтов ТЖ-дағы постында жазғандай, бұл дегеніңіз «үлкен ақшалар мен мол нәпақа» еді.

1999 жылы Владимир Дворецкий Мәжіліс депутаты болды. Оның сайлауалды науқаны арақ пен азық-түлік таратып, сайлаушыларды сатып алды деп өзі ауылды тұралатқандар деп, сын садағына алған ардагерлер айыптады. Ардагерлер оны сотқа беріп, оны жеңіп шықты.

2004 жылы Дворецкий Құйылма металлургия өнеркәсіпшілерінің республикалық одағын құрып оны басқарды. Дворецкий империясының ауқымы басыңды шайқатады. Ол өзінің журналист Вадим Борейкоға берген сұхбатында Қазақстанда жыл сайын 5 миллион тонна металл сынықтары жиналып қалатындығын ашып айтты. Жыл сайын оның 3,5 миллион тоннасы жиналады. 2 миллионы шетелге, оның ішінде Қытайға, Ресейге және т.б. жақтарға сатылды. Қалдықтары - қазақстандық кәсіпорындарға тиселі болады.

2013-2017 жылдары Қазақстанда металл сынықтарын шығаруға тыйым салынған шақта тап осы «саланың» шығыны 400 миллиард теңгені құрады.
Металл сынықтарын жинаушылар салық төлемейді. Дворецкий Борейкоға берген сұхбатында айтқандай, Қазақстандағы сынықтардың 80%-ын жеке тұлғалар жинайды. Бұл жыл сайын құны 150 миллиард теңге тұратын үш миллион тоннаға жуық дүние болып табылады. Оны жинаумен 100 мыңнан астам адам айналысады. Олардың барлығы да салық төлемейді.

2024 жылғы ақпанда бірқатар телеграм-арналар «Garmet» АҚ жөнге келтірген шақта, Қазақстанның көне кәсіпорнында орын алған көп жылдық «тонаушылықтың» басты тұлғалары мен бенефициарларының бет перделерінің сыпырылғандығын хабарлады. «Қармет» АҚ-да (бұрын - «АрселорМиттал Теміртау») ұзақ уақыт бойы мүдделі тұлғалар қара сынықтарды жинау және сату жөніндегі мүдделі топ комбинат өнімдерін шетелге, атап айтқанда Қытай мен Ресейге сатумен айналысқан.

Тіпті нақты сомасы да келтіріліп, мемлекет жыл сайын жүздеген тонна сынықтарды шығарудан 100 млн доллардан астам шығын шеккендігінің басы ашылды. «Garmet» -те сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі кестелерінің ауқымы тарыла бастаған шақта сынықтарды шетелге қайта сатуға мүдделі бұрынғы саясаткерлер мен олардың туған туыстарының аты-жөндері әшкере болды. Олардың бірі қазақстандық бизнесмен, қорытпа металлургия өнеркәсіпшілері одағының бұрынғы басшысы Владимир Дворецкий болып шықты.

Айта кетейік, Қорытпа металлургия өнеркәсіпшілерінің республикалық одағы 2023 жылдың мамырынан бастап жұмыс істемейді деп танылды. Егер істің мән-жайына көз жібертін болсақ, оның құрылтайшыларының саны он бірге жеткендігінің өзі-ақ, Дворецкийдің империясының арбасының сынып, өгізі өліп, орасан зор қаржылық қиындықтарды бастан кешіп отырғаны анық еді.

Бұл ЖШС-тердің бәрі де жалпы сомасы 128 408 355 951,68 теңге болатын 10 атқарушылық іс жүргізу бойынша жауапкер болып табылады. Оның төртеуі 1 362 443 326,11 теңгелік қарызы бар борышкерлер тізімінде.

Айтпақшы, жұмыс істемейтін Одақ құрылтайшыларының арасында 2023 жылдың сәуірінде әрекетсіз деп танылған «Қазвторчермет» АҚ да бар. 1993-1994 жылдарға дейiн бұл «Вторчермет» республикалық жалдау өндiрiстiк бiрлестiгi болатын, кейiннен «Қазвторчермет» акционерлiк қоғамы болып қайта құрылды. Ал бұдан бұрын - 1989 жылға дейін кәсіпорын «Вторчермет» Қазақ республикалық өндірістік бірлестігі» деп аталатын еді.

«Қазвторчермет» АҚ соңғы жылдары көптеген проблемалардың құрсауында қалды. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мынадай шаралары бар: 21.11.2016 - «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 79-бабы 2-2-тармағына сәйкес өз қызметі туралы ақпаратты ашу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін, 05.11.2015 - ҚР заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің ақпаратты ашу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін.

АҚ жалпы сомасы 113 812 800 290,45 теңге болатын 251 сот талқылауына қатысушы және 125 атқарушылық іс жүргізу бойынша жауапкер болып табылады.

494 421 222 теңге сомасында салық берешегі бар. Тіркеу қызметіне 43 тыйым салынған.

Бір сөзбен айтқанда, «Қазвторчермет» АҚ қызметі соншалықты бұлыңғыр болғандықтан, оның қаншалықты көп жыл бұрын жеке қолға өткенін тексеру артық болмас еді.

Қалай болғанда да, Владимир Дворецкий - қарапайым көлік иелерінің армандарымен өмір сүретін кәсіпкер емес. Жүрегі нәзік жан адамдар жартылай қылмыстық салада үлкен бизнес құра алмайды. Ал Дворецкий кезінде бұған қол жеткізіп үлгерді. Және оның қаржылық істерінің қазіргі жағдайын ескере отырып, мемлекеттік реттеу оған қатты кедергі келтіреді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар