Президенттен марапат алған ауыл фельдшері Ғабит Мусин кім?

Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

1718803710853685.jpg

(Коллаж суреттері: Ақорда телеграм арнасы)

Мемлекет басшысы су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.

Президент, ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы, ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты.

– Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысқанына назар аударды. Құтқару операциясы барысында 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мың бала қауіпсіз жерге көшірілді.

– Бұл – құтқарушылар мен ұшқыштардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Әбіш Кекілбаев «Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы – өз халқының тағдырынан тыс қалу» деп айтқан. Ұлттық еріктілер желісі табиғи апат болған сәттен бастап ерекше белсенді болды. 50 мыңнан астам волонтер көмек керуендерін ұйымдастырды. Олар апат аймақтарына азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жеткізуге атсалысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы ортақ іске мол септігін тигізді, – деді Президент.

Бүгін Мемлекет басшысының қолынан марапат алған азаматтардың бірі - ветеринарлық фельдшер Мусин Ғабит Есілбайұлы.

* Ғабит Мусин Якорский ауылдық округінде 35 жылдан астам еңбек өтілі бар ветеринарлық фельдшер. Білікті де жауапты маман ретінде ауылдық округтегі 560 бас ұсақ мал мен 150 ит-мысықты эвакуациялауды уақытылы ұйымдастырып, жүргізді.

* Су тасқыны кезінде Ғабит Мусин жоғары кәсібилік пен көрегендік танытты. Осылайша өлген малды ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай кәдеге жаратуды қамтамасыз етті. Осылайша, оның арқасында ерекше қауіпті аурулардың пайда болуы мен таралуына жол берілмеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар