Хабарландыру! «Еңбек адамы – 2024» жобасы жүзеге асырылады!

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымын әр саланың үздіктерін анықтау мақсатында «Еңбек адамы – 2024» жобасы жүзеге асырылады.


WhatsApp Image 2024-06-21 at 10.22.05.jpeg

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн»,- деп атап өтті.

 

Еңбек адамы бүгінде жастарға үлгі болуы тиіс. Қоғам адал еңбек етіп, ел дамуына, экономиканың өсуіне үлесін қосып жүрген жандарды білуі қажет.

 

Шараның негізгі мақсаты қоғамда еңбек адамына деген құрметті арттыру, жастарға адал еңбекті үлгі ету.

 

Іс-шара барысында келесі бағыттар бойынша үздік мамандар анықталып, БАҚ беттерінде насихатталады:

 

1. Құқық қорғау саласының қызметкері;

2. ⁠Орта білім беру саласының қызметкері (мұғалім, тәрбиеші);

3. ⁠Денсаулық сақтау саласының қызметкері (дәрігер, медбике);

4. ⁠Қоршаған орта саласының қызметкері;

5. ⁠Құтқару саласының қызметкері (ТЖ, құтқару қызметі);

6. ⁠Көлік жүргізу саласының (метро, автобус, троллейбус жүргізушілері);

7. ⁠Ғылым саласының қызметкері (жас мұғалім, жас ғалым);

8. ⁠Коммуналдық қызмет саласының қызметкерлері (электрик, сантехник);

9. ⁠Мәдениет саласының қызметкері;

10. ⁠Спорт саласының қызметкері;

11. ⁠Урбанистика саласының қызметкері;

12. ⁠Кәсіпкер;

13. ⁠⁠Мемлекеттік қызметкер;

14. ⁠БАҚ және азаматтық қоғам саласының қызметкері;

15. ⁠Үздік волонтер;

 

Егер Сіз, еңбек етіп жүрген саланың майталманы болсаңыз, өзіңізді үздік маман иесі санасаңыз enbekadamy@gmail.com электронды поштасына                    2024 жылғы 6-шілдеге дейінгі мерзімде еңбек өтілін растайтын құжатты, қызметтегі жетістіктеріңізді (мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары, алғыс хат және т.б.) жолдау қажет.

 

Қосымша: Ұсынған құжатыңыз, жұмыс орныңызды, эл. суретіңізді, қызметтік жетістіктеріңізді қамтуы тиіс.

 

Анықталған үздік маман иелері арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Асығыңыз, еңбек жолыңыз арқылы көпшілікке танылу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!



Ұқсас тақырыптар