Қоғам пікірі: Электоралды процесс - тек таңдау рәсімі ғана емес, қоғамда әділеттілік орнату!

Естеріңізге сала кететін болсақ, кезінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған болатын.

1720103296106780.jpg

Заңмен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау енгізілді. Сондай-ақ, Мәжіліске сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегі төмендетілді. Саясаттанушының айтуынша, ауыл әкімдерін тікелей сайлау үдерісінің өзі үдемелі сипатқа ие болды.

Алдағы уақытта ірі қалалардың әкімдері де тікелей дауыс беру арқылы сайланады деп күтуге болады. Сәйкесінше, демократиялық үдерістер барлық жерде енгізілетін болады деген ойға қала бастадық. Міне, қазақ қоғомында орын алып жатқан осындай қарышты қадамдар турасында жастардың пікірін білмекші болдық.

1720103121191325.jpeg

(Сурет спикердің жеке мұрағатынан)

Асанбай Шаназаров, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының медицина басқармасының бастығы, Майор:

- Кезінде бұрынғы Мемлекет басшысы қазіргі «Аманат», сол кездегі «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Бауыржана Байбек кездесу барысында «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру мәселелері, сондай-ақ партияның сайлауаралық кезеңдегі жұмыс жоспары талқылаған еді. Бірақ ауызға алынғанымен жабулы қазан болып қала ма деп жүргенімізде. Ең алғаш ауыл әкімдеріне дауыс беру мүмкіндігін беру туралы ұсынысты Президент 2020 жылғы Жолдауында айтты.

«Сауалнамалар жұртшылық ауыл әкімдерінің сайлануын қолдайтынын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадам, оған мұқият әрі дәйекті түрде қарау керек. Біз бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты түсінуіміз керек. Алайда бұл мәселені шешуді кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Бірқатар ауыл әкімдерінің өкілеттік мерзімі келесі жылы аяқталады. Мен ауыл әкімдерін сайлауды өткізу қажет деп санаймын», - деді Тоқаев.

Партияның ағымдағы жұмысы ауыл әкімдерін тікелей сайлаумен байланысты болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдан бастап аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында мәлімдеді. Бұл шара жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы одан арғы қадам болып табылады және ауыл, кент және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауынан басталады.

2021 жылғы мамырда Президент «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңға әкімдер сайлауын енгізуді және барлық кандидаттарға қарсы дауыс беруді көздейтін түзетулерге қол қойды.

ҚР ОСК мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 2 346 әкім бар. Жаңа нормалар енгізілгеннен кейін олардың барлығы қолданыстағы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Жыл соңына дейін аталған санаттағы 775-ке жуық әкімді сайлау жоспарланған еді. Енді сайлаудың қалай өткенімен БАҚ арқылы таныс болып отырмыз.

Аталған Заңды зер сала оқитын болсақ, онда Заңға сәйкес, кандидатты саяси партиялардың ұсынуы, өзін-өзі ұсыну, сондай-ақ жоғары тұрған әкімдердің ұсынуы көзделді;

Ауыл әкімі мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарына сай келетін 25 жастан кіші емес ҚР азаматы бола алады. Айта кетейік, бір адам екі реттен артық емес ауыл әкімі бола алады.

Қазақстан халқына Жолдауын жариялай отырып, Президент ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу маңызды қадам болғанын мәлімдеген еді.

Онда Президентіміз: «Бұл менің былтырғы Жолдауымда ұсынған саяси реформаның маңызды кезеңі. Бұл шешім ауыл тұрғындарының, яғни қазақстандықтардың 40 пайыздан астамының мүддесін тікелей қозғайды. Біз дұрыс жолдамыз. 2024 жылы азаматтар ең болмағанда пилоттық режимде аудан әкімдерін сайлау мүмкіндігіне ие болады», - деді.

1720103160843865.jpeg

(Сурет спикердің жеке мұрағатынан)

Хасен Касенов, Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры:

- ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті қоғамдастықтың қатысуымен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің 56% -ы бюджеттің шығыс бөлігін дербес қалыптастырады.

Бұл тетік 2015 жылы Нұр Отан партиясының XVI съезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық еткен Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарында белгіленген еді. Кейін өз қолдауын тауып, сайлау әкімдердің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттырады, бұл оның жұмыс нәтижесіне оң әсерін тигізетінді кең сөз етіле бастады. 2018 жылдан бастап аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджетінің IV деңгейі енгізілді. Бұл жергілікті жерлерде бюджет шығыстарын анықтауда дербестікті көздейді. Осы бағытта мемлекет тарапынан құт қадам жасалып отырған жайы бар.

Ең әуелі әкімдер сайлауына қатысты орын алған фактілер мен оқиғаларға көз жүгіртіп көрейік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, 2021 жылы 786 ауыл әкімінің өкілеттігі аяқталады. Бұл әкім аппараттары ұсынған 2297 әкімшілік-аумақтық бірліктің 34% -ын құрайды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2020 жылғы 1 шілдеге 2186 ауылдық округ, 85 ауыл, 26 кент бар. Әкімдердің алдағы сайлауы жалпы 2508 әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты болады, бұл барлық әкімдер корпусының 97%», - деген болатын кезінде сарапшылар.

Сарапшылар мен осы саладағы мамандар неғұрлым бәсекелі сайлау ауыл халқы көп өңірлерде өтеді деп есептейді. 2021 жылдың басында елдегі ауыл халқының үлесі 41% -ды құрады.

Ең әуелі ауылда кімдер тұрып жатыр деген мәселенің басын ашып алмай, ауыл турасында да, сайлау турасынеда сөз етудің керегі жоқ сияқты. Сонымен, қазіргі жаңа облыстардың құрылғанын есепке алмай, өз қолымда бар статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, дәл қазір ауыл халқы 50% -дан асатын өңірлерге Түркістан (80%), Алматы (78%), Жамбыл (60%), Маңғыстау (60%), Қызылорда (55%), Солтүстік Қазақстан (53%) және Ақмола (53%) облыстары жатады.

Саяси алаңды кезең-кезеңмен ырықтандыру демократияның эволюциялық даму қағидатына сәйкес келеді және қоғам үшін сыни сілкіністерсіз сапалы саяси өзгерістер жасауға мүмкіндік береді, деп сенеді сарапшы.

Бұл тұрғыдан алғанда, бұл қаншалықты маңызды оқиға, ол не береді және Қазақстан қоғамы осыншама салмақты демократиялық қадамға дайын ма?

Саясаттанушы Замир Қаражановтың пікірінше, Қазақстанда қоғам деңгейінде жергілікті билік органдарының басшыларын сайлауға қатысты сұраныс қалыптасқан.

Мұндай жағдай ішінара басқару жүйесінің орталықтандырылуымен байланысты, оның шеңберінде халық шешім қабылдау процесіне ықпал ете алады, соның арқасында сайланған әкім өзіне дейін қордаланған проблемаларды шеше алады. Сол себепті қоғамдағы үлкен үміт биліктің түрлі деңгейіндегі әкімдерді сайлаумен байланысты. Сайланған әкім өңірдің әлеуметтік бағыттағы басшысы болады, өйткені оның мансабы сайлаушылардың еркіне байланысты.

1720103222976001.jpeg

(Сурет спикердің жеке мұрағатынан)

Эльназ Ринатқызы Хамитова, студент:

- Электоралдық процесс - бұл тек таңдау рәсімі ғана емес, сонымен қатар бос орынға әлсіз үміткерлерді «шығару» тетігі. Сондықтан сапалы нәтиже - адал әкім түрінде - қолданыстағы «Сайлау туралы» ҚР Заңына байланысты. Ол дауыс беру процесінің әділ еместігін, бюллетеньдерді санаудың ашықтығын, жоғары бәсекелестікті барынша қамтамасыз етуге тиіс. ҚР нормативтік-құқықтық базасы 2022 жылғы Конституциямен сәйкестендірілді, бірақ жаңалықтар «нүктелік» сипатқа ие болды, бұл электоралдық кампанияның ПӘК-ін төмендетеді. Дегенмен, ілгерілеу бар. Мысалы, сайлауға қатысу үшін мемлекеттік қызметте міндетті түрде жұмыс тәжірибесінің болуы талап етілмейді. Оның орнына кандидаттың орта кәсіпкерлік субъектілерінің не орташа жылдық штат саны 50 адамнан кем емес коммерциялық емес ұйымдардың басшы лауазымдарында жұмыс өтілінің болуы жеткілікті. Кандидаттарға электоралдық күресті жалғастырудан бас тартуға мәжбүрлеу мақсатында оларға қысым жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздеу заңда кедергі болмас еді. Бір жағынан, норма адал бәсекелестікті сақтауға қосымша кепілдік болады, екінші жағынан - ол жергілікті билік органдарының криминалдануын болдырмайды. Әрине, ҚР заңнамасы одан әрі реформалауды қажет етеді, бірақ бұл жағдай ҚР қалалары әкімдері сайлауының маңыздылығын төмендетпейді. Қалай болғанда да бұл оңға басқан қадам!

Қазақстанда әкімдер тез жасаруда: бұл не білдіреді? Қоғам бұл сайлауға қаншалықты дайын? деген сауалдар туындап, оған жұрт тарапынан нақты жауапртар беріле бастады.

Бұл қазақстандықтар үшін алғашқы дауыс беру емес. Сондықтан көп нәрсе халыққа емес, сайлауды ұйымдастыруға байланысты. Басты міндет - кандидаттар арасында жоғары бәсекелестікті және дауыстарды ашық санауды қамтамасыз ету. Мұндай проблемаларды заңнамаға 2022 жылдың соңында енгізілген түзетулер ішінара шешті. Мысалы, олар сайлауға баламасыз негізде жол бермейді. Сонымен қатар халықтың қала немесе аудан әкімін таңдауға ғана құқығы бар. Оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі мәслихаттың құзыретіне жатады. Импичмент, егер оны депутаттық корпустың кемiнде бестен бiрi қолдаған жағдайда мүмкiн болады. Осындай жаңа мүмкіндіктер біз сияқты болашақ мамандарға тек мектеппен шектеліп қалмай, одан биік мансаптарға қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігіне қуанытымын.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар