Әшімбаев: «30 жылда жіліктің майлы басы ауқатты элитаның аузында кетті»

«Орта маңызды», - депті Мәулен Сағатханұлы.

1721131648576360.jpg

(Суреттер: Егемен Қазақстан газеті)

Әдетте ақылды адамдар сөйлегенде мақтаудан гөрі сынды көбірек күтіп отырасың ғой. Үйткені, олар құр сынап қана қоймайды - олар сол сынаған тұсына ұсыныс та айта кетеді.

Әшімбаев «Времяны» таңдапты. Сұхбат сонда шығыпты. Әңгімеміздің басындағы «орта маңызды» деген пікірін де осы сұхбатта айтқан дүр.

Әлбетте, Әшімбаев «орта» дегенде Біз ойлаған ортаны айтпапты:

- Қазақстанда бұл топқа жататындардың үлесі 10% аспайды, дамыған елдердегі көрсеткіш 40 - 60% дейінгі аралықта. Орта топ негізгі салық доноры ретінде маңызды әрі тұтынушы және инновацияның қозғалтқыш күші болатын еді, - деп ОРТА ДӘУЛЕТТІ ҚАЗАҚ туралы айтыпты!

Экономикалық тұрақтылық пен халықтың бақуатты болашағы үшін - орта дәулетті қазақ көбеюі керек. Ал, біздің станда басқаша: елдегі байлықтың 60% халықтың 10% жетпейтін нәндер ұстап отыр!

«Әділдік қағидалары бұзылды: ресурстан түскен пайда - жіліктің майлы басы ауқатты элитаның аузында кетті», - депті Әшімбаев.

Байдың одан әрі шылқуы, кедейдің одан әрмен тақырлануы - дамитын қоғамның белгісі емес. Мемлекеттілік принциптерін терең білетін Сағатханұлына бұл ұнамайды, әлбетте!

Осы ұнамайтын тұстарды ашып айтқаны ұнады Әшімбаевтың. Даму дегеннің өзі алдымен кемшілікті мойындаудан басталса керек!

Жалпы, экономикада мемлекеттік меншіктің шамадан тыс көп болуы жақсылық нышаны емес. Қыл аяғы - квазимем сектордың экономикаға көп қатысуы жеке сектордың қолын байлайды. Содан кейін жалпы елдегі іскерлік белсенділік төмендейді...

Жылдың басында Дүниежүзілік Банк қазақ экономикасына баға беріп, дәл осы жайтқа «жоғалған онжылдықтың нәтижесі» деген диагноз қойған.

Орасан көп қазба байлықтың инерциясымен, миллиардтаған тонна мұнайдан түскен қаржымен ғана еріксіз дамып келген экономика енді әлемде қалыптасқан дұрыс қағидаларға сүйеніп дамығысы келеді...

Оңай емес. Оңай емес Тоқаевқа. Алпауыттардан алып халыққа беру, қордаланған қойыртпақты тазалау қайдан оңай болсын... Құдай қуат берсін Азаматтарға!

Алмас Алтай

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар