Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: Алматылық сарапшылар не дейді?

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң күшіне енгені белгілі. Десек те зорлық-зомбылықтың алдын алу іс-шараларын жүргізу маңызды. Қоғамда күш қолданудың қалыпты жағдайға не себеп? Тұрмыстық зорлық -зомбылықтың алдын алу үшін не істеу керек Mezgil.kz тілшісі осы сұрақтарды алматылық мамандарға қойып көрді.

1721646457124938.jpg

Нұрзия Әкбар, заңгер:

- Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың туындауына әсер етеін факторлар бар. Әрине біз оның негізгілерін ішімдік пен нашақорлық деп ойлаймыз. Одан бөлек адамның психолгиялық мінез -құлқы да негіз болуы мүмкін. Өздеріңіз білесіздер Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа криминалдық сипат беру мәселесі өзекті болып, көп талқылаудан кейін Заң күшіне енді.

1721646355157164.jpeg

Дамыған елдерді мысал ретінде келтіпетін болсам, оларда агрессор яғни әйелінде кемінде бір рет қол көтерген адам сот арқылы псқологиялық әрі психотерапиялық оңалтудан өтеді.

Арнайы мамандардан кеңес алады. Яғни ол адамның ол күйге не үшін түскені, не үшін ол әрекетке барғаны жан-жақты талқыланады. Неге, себебі тұрмыстағы қол көтеру, жәй ғана кикілжің, осы ұрып-соғудың барлығы ақырын күш көрсетуден басталады. Ондай әрекеттердің алдын жүйелі түрде алмайтын болса, соңы адам өліміне алып келеді. Сондықтан, денсаулыққа қасақана  зиян келтірудің жазасы қатаңдатылды. Бұл қылмыстық құқық бұзушылық болып есептеледі. Қазір елімізд құқықтық сауаттылықты насихаттауға, халықты барынша заң жағынан сауатты болуға күш салып жатыр.

Бұл да алға қарай ілгерлеу барын көрсетеді. Мен қоғамымызда тұрмыстық зорлықты азайтудың бірден бір жолы халықты құқықтық сауатты ету дер едім. Қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан қажетті шараларды қабылдамайынша, мәселені шешу мүмкін емес дер едім.

1721646381301534.jpeg

Мейірім Еркінбекова, психолог:

- Ең алдымен 55,3 пайыз жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әкеп соғатын негізгі себептер зиянды әдеттер: есірткі, ішімдік, құмар ойындарға тәуелділік. Ал одан басқасы әлеуметтік сипаттағы проблемалар. Олар: матенриалдық жағдайдың жоқтығы, жұмыссыздық. Біз бұрынғы отбасы институтынан айырыып қалдық.

Қазір байқасаңыздар он отбасының жартысында тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы кездеседі. Заң қатайған сайын тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырадым дегендердің саны артты. Қазір әлеуметтік желінің дамығаны соншалық видео арқылы, суреттер арқылы өздерінің зорлық көргендерін ашық айтатын хабарламалар көбейді. Тіпті лауазымды тұлғалардың небір құпиядары ашылды. Бұл да желінің әсері. Тіпті әлеуметтік желіні пайдаланып қара пияр жасап жатқандары да кездеседі.

Мемлекет тарапы да алдын алу жұмыстарын бастап кетті. Арнайы нормалар бекітілді.  Дегенмен қазіргі ашық қоғамда менің ойымша адамдардың көзқарасы өзгерді, олар әр нәрсені саралай алады. Саяси- экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан да, заңдық тұрғыдан да халықтың сауаттанып келе жатқаны байқалады. Қоғам болып күрессек көш жүре түзеледі дегім келеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар