Алматыда «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылы 29 шілде мен 7 тамыз аралығында «Алматы жастары» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға қажетті жеңілдетілген несие алу үшін 35 жасқа дейінгі жастардан өтінім мен құжат қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

1721648413900737.jpeg

(Сурет: Алматы телеарнасының сайтынан алынды)

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді www.almaty-zhastary2024.kz сайты арқылы беруге болады.
Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Бағдарлама аясында несие беру шарттары:
• Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
• Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
• Бастапқы жарна – 10%;
• Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
• Қамту – ең кемі 1200 адам.

Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2. Өтінім беру кезінде өтініш берушінің және жұбайының (бар болса) Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы;
3. Өтінім беру кезінде қатысушы 35 жасқа толмауы керек, ал жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады;
4. Қатысушының және оның отбасы мүшесінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактісінің болмауы.
5. Қатысушының Алматы қаласында ең кемі соңғы 6 ай бойы міндетті зейнетақы аударымы бар жұмыс өтілі болуы қажет. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер және «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша жалдаушылары (2019 жылы желтоқсан).

Толығырақ ақпарат www.almaty-zhastary2024.kz сайтында жазылған. Анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57 (Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы).

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар