Астана референдумға қаншалықты дайын? Елордалық ОСК төрағасы не дейді?

Қазақстанда АЭС құрылысы жөніндегі референдум биыл күзде өтетінін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген еді. 

1722601146243628.jpg

(Сурет: 365info.kz)

Осы тұста елішілік электоралды процестердің негізгі драйвері – Елорда болып табылады. Ендеше, күзде келе жатқан референдумға Астана қалалық саяси комиссиясы қаншалықты дайын? Біз Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жұмабеков Бейсембай Қуанышұлын сөзге тарттық.

Бейсембай Қуанышұлы:

– Ең біріншіден, өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының республикалық референдум туралы заңы 1995 жылы екінші қарашасында конституциялық заң қабылданған. Сол Конституцияға тоқсан тоғызыншы жылы, одан кейін биылғы жылы кішкене өзгерістер енгізілді. Былтыр өздеріңіз белгілі Мемлекет басшысы өзінің үндеуінде референдум келесі жылы болатынын, Атом электр станциясын салуымыз керек пе, жоқ па деген сұрақтың қойылатынын айтты. Жақында БАҚ қызмеркерлерінің мерекесімен құттықтағанда да референдум күзде болатынын нақты атап өтті. Бірақ өздеріңізге белгілі, қай күні болатыны, қандай сұрақ қоятыны, қай уақытта өтетінін тек Президент шешеді. Сондықтан біз әлі уақытын білмейміз.

Дегенмен жергілікті дайындық жүріп жатыр. Астана қаласы бойынша бүгінгі күні төрт жүз елу тоғыз сайлау комиссиясы бар. Тағы 78 шетелдегі елшіліктерде бар. Бүгінгі күні Астана қаласында 868 мыңнан астам осы дауыс беруге құқылы азаматтар бар. Сондықтан біз бүгінгі күні 459 сайлау комиссиясын толық дайындап жатырмыз. Енді сайлау комиссиясына келетін болатын болсақ, референдумда жарлық шыққаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы, Орталық референдум комиссиясы болып аталады. Ал аумақтық комиссиялар аумақтық референдум комиссиясы деп аталады. Учаскелік референдум комиссиясы деп солай аталады.

Астана қаласында белгіленген заңның шеңберінде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Сайлау комиссиясының үлкен қағидасына қарайтын болатын болсақ, бұл енді заңның үстемдігі, тәуелсіздік, ашықтық, инклюзивтілік, алқалық, кәсібилік деген принциптерін сақтап отырып, біз осы референдум сайлауын өте үлкен деңгейде өткізуіміз керек. Әрбір азамат, бүгінгі ең басты ұстанымымыз бұл азамат, әділдік, демократия, сенім деген нәрсені ең ту ретінде ұстауымыз керек. Оның ішінде еркін, әділ референдумдар мен сайлауларды әкімшіліктендіру біздің ең басты басымдықтарымыз.

Сайлаушылардың сенімі, институциялық даму, инклюзивті сайлау стандарттарын кәсібилендіру, цифрлық технологиялар ендіру, азаматтардың сайлау мәдениетін көтеру мақсатымыз. Біз бүгін толық референдум өткізуге дайынбыз деп айтуымызға болады.

Өйткені біз оның барлығын мынау қазіргі күнде бізде мынау жергілікті аумақтық комиссиялардың біраз азаматтары профессионалдық түрде жұмыс жасап жатқан жөніміз бар. Сондықтан біздің күнделікті істейтін жұмысымыз осындай нәрселерге әрқашанда дайын болып отыруымыз керек. Учаскелерді, комиссияларының мүшелерін дайындап, материалдық-техникалық заттарын дайындап, әкімдіктермен бірге халыққа үлкен жағдай жасап, осының барлығын үлкен деңгейде өткізу ол біздің міндетіміз.

Енді Президент Жарлығын шығарғаннан бастап осы жұмысты нақты әрі қарай жалғастырып өткізуіміз керек. Сондықтан бүгінгі күні біздің Астана қаласы осы сайлауға дайын. Жаңағы заң қабылданып, жасаған кезде біз осының бәрін толық жасаймыз.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар