Шавкат Мирзиёев Президент мақаласына жоғары баға берді. Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазады.
(Сурет: Ақорда сайты)
Елорда төрінде өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда жарық көрген мақаласына жоғары баға берді.
«Бүгінгі саммиті жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына алғысым шексіз. Азия елдерінің ынтымағын арттыруға бағытталған әрекеттеріңізді бағалаймыз.
Жақында жарық көрген «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақалаңызда біздің терең қарым-қатынасымыздың перспективасын сөз еттіңіз. Аймақтық ауызбіршіліктің жаңа деңгейін көрсеттіңіз», - деді Шавкат Мирзиёев.
Mezgil.kz