2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Әділетті Қазақстан құрылысы жолында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болып қалыптасатынымызды баса айта отырып, сол бағытта әлі арқаны кеңге салмай, өрлеу жолында талап етілетін тапсырмаларды айтты.
Атап айтсақ: Салық саясатын жаңғырту, жаңа банк заңын жасау, инвестициялық ахуалды көтеру, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы кешені, энергетика секторы, білім, денсаулық, туризм, спорт және тағы да көптеген мәселелер бойынша тоқталды.
Жолдауда басты маңызды бөлім - инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу. Осыған орай әлемдік энергия тапшылығының күшейіп келе жатқанын ескертіп, еліміздің бұл мәселеден алшақ емес екенін сеземіз. Экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады.
Азаматтар, әсіресе, ауыл тұрғындары заңды түрде табысты жұмыс істеп, болашағының қамын өзі ойлауы керек. Оларды осыған ынталандыру – мемлекеттің басты міндетінің бірі екенін айта келе, «Amanat» партиясының бастамасымен жүріп жатқан «Ауыл аманаты» жобасы турасында тоқталды. Әзірге Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет.
Бұл бағытта тек кәсіпкерлер мен инвесторлар өз жұмысын адал жүргізіп, заңды сақтап, салық төлеуден жалтармауы керектігін баса ескертті.
Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам екенін айта келе, Мемлекет басшысы алдағы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялады. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет.
Сондай-ақ, біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келуі шарт деді.
«Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады»
Қазіргі талапқа сай әр адам сауатты болу керек, әсіресе, кәсіпке қосыламын деген тұлға өзінің қаржы сауаттылығын арттыруы шарт. Осы жолғы Жолдауда «AMANAT»партиясының бастамасымен бүгінгі таңда жүргізіліп отырған қаржы сауттылығына бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасын да тілге тиек етті. Үстіміздегі жылдың сәуір айынан республика көлемінде бастау алған бұл шарадан Бородулиха ауданы да сырт қалмады. Дәл осы сәтте оқыту Белағаш және Бақы ауылдық округтерінде жалғасып, ауданымыздың 700 - ден астам азаматтарына аталған жобаның куәлігі табысталды.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысқан
Қоғамда қазір маңызды болып тұрған төрт мәселеге айрықша тоқталды, олар: жол апатын азайту, әскер, ақпараттық жүйедегі популистерді тоқтату және әр түрлі алаяқтықтарды жою.
Қорыта келе Мемлекет басшысының: «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз», - деген қағидасын есте ұстайық дегім келеді.
Ильяшева Гүлмира Бағдәулетқызы,
Абай облысы
Mezgil.kz