«Феминита» - ЛГБТ белсенділері АЭС құрылысына қарсы ма?

Еліміздегі ЛГБТ белсенділері АЭС құрылысына қарсылықтарын білдіріп, арнайы жиын өткізіп жүр. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы хабарлайды. 

9ada2edf-2599-4a1b-916a-bdc06c779720.jpg

Қыркүйектің 7-сі күні Алматыдағы «Алма» қонақ үй кешенінде «Феминита атом электр станциясының құрылысына қарсы» атты іс-шара өткен.

Оған 10 адам, оның ішінде «Феминита» қозғалысының жетекшілері Ж.Секербаева мен Г.Сержан, ЛГБТ белсендісі Г.Өтебаева, экологтар К.Атаханова мен Г.Кәкімжанова, ЛГБТ қауымдастығының өкілдері қатысқан.

«Феминита» қозғалысы деген қандай қозғалыс?

«Феминита» қозғалысы – Қазақстандағы ЛГБТ өкілдерінің құқықтарын қорғаумен көрініп жүрген топ.

Осыған дейін қазақ қоғамы: «Ұлттық құндылықтарға қайшы», - деп дабыл қағып, ЛГБТ насихатына қарсы арнайы петиция жариялаған. Аталған петицияны ондаған мың адам қолдап дауыс берген.

Алайда, дәл осы «Феминита» қозғалысы аталған петицияға өре-түрегеле қарсы шығып, арнайы комиссияның талқысында петицияның мақұлдануына тосқауыл болған. Енді аталған қозғалыстың белсенді өкілдері АЭС құрылысына қарсы бастама көтеріп, жиын өткізіпті.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар