АЭС: Қазақстанда және Әлемде...

Дүниежүзілік Ядролық ассоциация дерегінше: Қазір әлемде 439 ядролық реактор жөнделіп, 64-і жаңадан салынуда екен.

1726392642579903.jpg

(Сурет: gov.kz)

Ядролық энергетикалық реактордың ең көбі АҚШ-та (96), Францияда (61), Қытайда (54), Жапонияда (31), Ресейде (26), Оңтүстік Корейде (25) бар!

2022 жылы Қазақстан ЯЭР салуға ниетті елдердің шорт-листін жариялады. Онда: Кытай (CNNC), Ресей (Росатом), Оңтүстік Корей (KHNP) және Франция (EDF) аталған. Қазақстан қосымша 2 америкалық компания: General Electric мен NuScale ұсынысын талқылауда!

Көптен бері бүкіл елдің аузында жүрген әңгіме Атом электр станциясын салу, салмау, салса кім салады мәселесі еді. Оның да жауабын тапқандай болдық. Біраздан бері бүкіл Республика аумағында талқы болды. Мамандар түсіндіру жұмысын жасады, белсенділер өз алаңдауын ортаға салды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» аса сабырлылықпен бар адамға пікір айтатын мүмкіндік берді. «Шымшық сойса да қасапшы сойсын» деген халық даналығы бар. Біреу біліп айтты, енді біреу дүрмекке еріп айтты. Енді біреулер қасақана бүлдіріп айтты. Мүдделі топтардың сойылын соққандар да болды. Алда 6 қазанда жалпы ұлттық референдумда бұл істің нүктесі қойылатын болды.

Еліміз бұдан бұрын Солтүстіктің қуат көзін Оңтүстікке тарту жобасын сәтті орындап шыққан еді. Қазіргі даму қарқынымыз энергияға денен мұқтаждықты еселеп жіберді. Қазір әлемнің дамыған және дамушы 30 елінде 200-ге таяу атом электр станциясы істеп тұр екен. Еліміздің Ұлттық ғылым академиясының ядролық физика институтында 750 ден астам ғалымдары мен қызметкерлері осы салада жұмыс істеп жатыпты.

Сонымен бірге МАГАТЭ-нің тапсырмасы бойынша, Орта Азия елдеріне маман тәрбиелеп жатыр екен. Оның үстіне елімізде уран қоры өте мол. Барлық мүмкіндік бізде тұрғанда неден алаңдаймыз? Белді бекем буып, Еліміздің ертеңің көбірек ойлағанымыз дұрыс.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар