Мұнайшылар АЭС бойынша таңдау жасауға дайын

Маңғыстауда АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штаб жұмысы жалғасып жатыр.

1726478077570084.jpg

(Суреттер: Қоғамдық коммуникация орталығы халықтық штабы)

"Бүгін халықтық штаб мүшелері "Oil Services Company" ЖШС мамандарымен кездесіп, АЭС-тың артықшылықтары мен ел экономикасына әсерін түсіндірді, - деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы халықтық штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге келгендерді ең алдымен "Кейбір елдер АЭС-тен бас тартып жатқанда, неге біз атом электр станциясын қолдауымыз керек" деген сұрақ толғандырды. Штаб мүшелерінің айтуынша, АЭС елдегі бірқатар мәселені шешуге көмектеседі. Атап айтқанда, атом электр станциясы көмірқышқыл газын және басқа да парниктік газдар қалдықтарын шығармайды. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, импорттық энергия ресурстарына тәуелдікті азайтады. АЭС салынуы тарифтің өсуін тежейді.

- АЭС құрылысы ел үшін стратегиялық маңызы бар, тәуелсіз мемлекетте өзінің энергетикалық ресурстарын дербес басқаруға мүмкіндік беретін жоба. Сыртқы тәуекелдерді барынша азайту және жоба қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сенімді халықаралық серіктестермен ынтымақтастық жолдары, сондай-ақ озық технологияларды енгізу қарастырылған. Қазақстан атом электр станциясы жобасының ең жоғары стандарттар мен ел мүддесіне толық сай болуы үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Атом электр станциясы жобасы саяси емес, коммерциялық мақсаттағы жоба. Кез келген компания, қайсысы серіктес ретінде таңдалса да, тек атом электр станцияларын салады, әрі қарай оны пайдаланбайды, - деді штаб мүшесі Киікбай Жаулин.

Кездесу соңында компания қызметкерлері ел болашағын айқындайтын саяси науқан - референдумға келіп, таңдау жасайтынын айтты.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар