АЭС болашақта қандай проблемаларды шеше алады?

Аталарымыз ат тұяғымен әлемнің жартысын бағындырды. Сан ғасыр мыңғырған малдың қызығын көріп, қуатын пайдаланды.

1726832318107925.jpg

(Сурет: ult.kz)

Жиырмасыншы ғасырда асау өзендердің арынын басып, арнасын бұрып, ГЭС салды. Көмір мен мұнайды да кәдеге жаратты. Енді 21 ғасырда АЭС салып, атом энергиясын тізгіндейтін уақыт жеткен сияқты. АҚШ, Франция, Швейцария, Норвегия, Испания сынды әлемнің дамыған елдерінде 190 АЭС бар. Өзбектер де қуанып жатыр дейді АЭС саламыз деп. Неге соларға ермеске?!

Атом энергиясын бағындырып, кәдеге жарата алсаң, пайдасы ұшан-теңіз көрінеді. Мысалы, азық-түлік қауіпсіздігіне де ықпал етеді. Өсімдіктер селекциясында ядролық әдісті қолданып, өнімі мол, түрлі ауруларға бой алдырмайтын, зиянкестерге төтеп беретін жаңа дақылдарды шығарады.

Қазақстанда өсімдік шаруашылығының потенциалы жоғары, бірақ проблемасы да аз емес. Соның бірі сапасыз тұқым, зиянкес жәндіктерге қатысты. АШ өнімдеріне қатысты шығынның 20 пайызы зиянкес жәндіктерден келеді екен. Диқандар улау жұмыстарын жүргізгенімен, нәтижесі шамалы. Және бұл құбылыс жылма-жыл қайталанады. Шаруалардың шағымы көп. Болашақта осы проблема шешіледі.

Меніңше, қазір АЭС салуға қарсы болғандар кейін оның дұрыс шешім болғанын мойындайды. Әр жаңалықтың игілігі бар. «Побочный» эффектісі» де болуы мүмкін. Бірақ таразыға тартқанда атом энергетикасының пайдасы анағұрлым артық болады.

Арнұр Асқар

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар