Гүлім Нұрғалиева: Қазақстанда әрбір ана мемлекет қорғауында!

Бүгінде елімізде ана мен балаларды жан-жақты қолдауға арналған «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтар көп балалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға кеңес беріп, кәсіптік курстар үйретеді. Mezgil.kz тілшісі «Адам және қоғам» қоғамдық қорының директоры Гүлім Нұрғалиевамен арнайы сұхбаттасып, орталық атқарып жатқан жұмыстармен танысты.

1727170471670367.jpg

(Сурет Гүлім Тұрсынбайқызының жеке мұрағатынан алынды)

– Гүлім Тұрсынбайқызы, «Бақытты отбасы»  орталығына биыл қанша қыз -келіншек жүгінді. Оларға қандай қызмет көрсетілді?

– Биыл біздің орталыққа 5556 көп балалы және аз қамтылған отбасылар келді. Оларға әлеуметтік, құқықтық, медициналық, тұрғын үй алу, психологиялық және тегін білім беру бағдарламалары бойынша 6250 қызмет түрі көрсетілді.  Орталықтың байланыс телефонына 975 адам хабарласып, кеңестер мен ұсыныстар алды. Әлеуметтік қызметкерлер офлайн режимінде 5 556 адамға сұрақтар бойынша кеңес берді, атап айтқанда: ЭЦҚ кілтін онлайн режимде ашу, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тіркеу, құэаттарды толтыру, оқу курстарына тізімдер жасау, курс кестесін құрастыру, тұрғын үйге кезекке тұру, мемлекеттік мекемеге тіркелу, «Дамубала» жүйесін қолдану, құжаттардықайта қалпына келтіру, қайырымдылық қолдау сынды көмектер ұсынылды.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған 17 отбасына азық-түлік қоржыны (макарон, тәттілер, ұн, қант, шай жапырағы, сүт, т.б.) түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді, киім-кешек үлестірілді, орталық психологымен әңгіме жүргізілді. Олар тұрғын үй және балаларға арналған балабақша кезегіне қойылды, орталық заңгері кеңес беріп, АӘК мен жәрдемақыға құжаттар тапсырылып, ішінара жұмысқа орналастырылды.

– Орталықта психолог кеңесі мен заңгер кеңесі тегін беріле ме? Көбінесе тұрғындар қандай мәселемен жиі келеді?

– Әрине біздегі көрсетілетін қызметтің барлығы тегін. Психологиялық консультция туралы айтатын болсам, көп балалы аналарға арналған әлеуметтік орталықтың психологы психодиагностикалық зерттеу, психопрофилактикалық әңгімелесу жүргізді және жарақаттық жағдайлардың салдарын жоюға бағытталған түзету шаралары бойынша болжам жасауға және ұсыныстар әзірлеуге көмек көрсетті.

Көп балалы және аз қамтылған отбасылары бар әйелдерге орталықта оқуға және курстардан өтуге ынталандыру жұмыстары жүргізілді, оқушылардың ата-аналарымен мектеп жағдайында бейімделудің алдын алу және алаңдаушылық деңгейін төмендету бойынша әңгімелер жүргізілді.

Студенттер арасында суицидтік мінез-құлық пен қаңғыбастықтың алдын алу мақсатында өмірлік жоспарларды жүзеге асыруда мотивациялық саланы қалыптастыру бойынша сабақтар, ойындар, тренингтер өткізіліп, қайғылы аяқталудың алдын алу бойынша мұғалімдерге ұсыныстар берілді.

Қазіргі даму саласын өзгерту және әлеуметтік саладағы бейімделмеу мақсатында тәуекел тобына жататын оқушылармен және олардың ата-аналарымен жеке әңгімелер өткізілді. Ата-аналар мен балалар арасында қолайлы психологиялық ахуал туғызу. Балалардың бос уақытын сабақтан тыс ұйымдастыруға қызығушылығын арттыру сынды жұмыстар жүргізілді.

Адвокат 250 заңгерлік кеңес берді. Олар некені бұзу, алимент өндіру, шоттан қамауға алуды алып тастау, тұрғын үй немесе жер алуға кезекке қою, әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша кеңес беру, құжаттарды қалпына келтіру сынды жұмыстар жасалды.

– Орталыққа келетін аналар мен қыз-келіншетерге тағы қандай артықшылықтар бар?

– Бізден арнайы курс оқып мамандық игеріп кететін аналар бар.  Биыл тігін курсын – 28 адам, шаштараз – 47 адам, маникюр, педикюр – 32 адам, массаж – 36 адам, мобилография – 64 адам, бухгалтерия – 30, Бизнес бастау – 39 адам бітірді. 589 адаамға қайырымдылық көмек көрсетілді. Ал биыл жұмысқа орналастырылғандар – 12 адам. Модератор Анна Петровамен «Жеке тұлғаның психологиялық ресурстары» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Зерттеу аясында біз тәжірибелі модератор Жанна Петрованың жетекшілігімен жеке тұлғаның психологиялық ресурстары тақырыбын терең қозғадық. Бұл оқиға адамның ішкі күштері мен оның өзін-өзі дамыту қабілетіне қатысты психологияның маңызды аспектілерін қарастыруға бірегей мүмкіндік берді.

– Орталық өткізген іс-шараларға тоқталсаңыз?

– Отбасы психологиясы және отбасы тәрбиесінің рөлі» атты тренер-семинар өткізілді. Отбасы тәрбиесі - бұл ата-ананың және басқа да ересек отбасы м үшелерінің балаларына әлеуметтік, моральдық және мәдени нормалар мен құндылықтарды жеткізу және олардың жеке қасиеттері мен мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру процесі. Бұл баланың эмоционалдық, танымдық және әлеуметтік дамуын қамтитын көп қырлы процесс. 10 адамды қамтиды.

Тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес беру қызметтері. Біздің орталық тұрғын үй мәселесіне қызығушылық танытатын әрбір адам үшін жаңа қызметті енгізеді. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және тұрғын үй мәселесі бойынша қолдау көрсету мақсатында біз осы саладағы білікті маманмен кеңесуді бастаймыз.

«Мектепке жол» жобасы бірінші сынып оқушыларын бірінші оқу жылында қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Басты мақсат – Түрксіб өңірінде тұратын 270 оқушыны қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету арқылы мектепке дайындау үдерісін жеңілдету болды. Отбасы, тәрбие және білім тақырыбына арналған семинар-тренинг аясында психолог Аманкелді Бақыт отбасылық қарым-қатынасты жақсартуға, тәрбиелік әлеуетті дамытуға және таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған білімі мен тәжірибелік тәжірибесімен бөлісті.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар