«Ұлттық қор - балаларға»: Болашаққа арналған мүмкіндік

Былтыр елімізде Ұлттық қор балаларға жобасы іске қосылды. Жоба аясында 18 жасқа дейінгі балаларға инфестициялық түсімнен жыл сайын жарна түсіп отырады. Балалар қаржыны 18 жасқа толғанда білім алу мен баспана алуға жұмсай алады. "Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді", – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

1727782233217630.jpg

(Суреттер спикерлердің мұрағатынан алынды)

Алғашқы жарна биылғы жылдың қаңтар айында түсті. Бағдарлама аясында БЖЗҚ-да әр балаға жеке шот ашылып, автоматты түрде еліміздегі әр баланың есепшотына алғашқы жарна аударылды. Балалардың болашағы үшін арналған бағдарлама жайлы Mezgil.kz тілшісі қоғам пікірін білді.

Болашақ қамына арналған бағдарлама!

 1727781959464923.jpg

Құралай Иманбаева, көп балалы ана:

– Былтыр Президентіміз кезекті Жолдауында «Ұлттық қор балаларға» жобасы жайында айтты. Көп ұзамай бағдарлама жайында БАҚ-да  ақпараттар жариялана бастады. Өзім көп балалы отбасы болғандықтан, балаларымның болашағы үшін арналған бағдарламаны қызығушылықпен бақылап жүрдім. Кейін нақты тетіктері мен жоба жайында жаңалықтардан хабардар болдым. Ал биылғы жылдың алғашқы айында әр баланың шотына алғашқы жарна түсті. Тіпті біз бұл үшін ешқайда құжат өткізген жоқпыз. Қазір елімізде құжат рәсімдеу цифрлық жүйеге өткен. Арнайы бағдарламаға кіріп балаңыздың ЖСН нөмірін терсеңіз болғаны, барлық мәлімет шығады. Қазір менің мектеп жасында оқитын 5 балам бар. Олар он сегізге толғанша, шоттарында белгілі бір қаржы жинақталады. Балалар өз қажетіне қарай білім алуға немесе баспана алуға алғашқы жарна ретінде қолдана алады. Әрине бұл балаларымыздың болашағы үшін  үлкен мүмкіндік. Мемлекетіміздің балалардың болашағын ойлап,  білім алуына немесе баспана алуына мүмкіндік беруі көп нәрсені аңғартады. Яғни балаларымыздың болашағына мемлекетіміз де алаңдаушылық танытып отыр. Сондықтан бұл болашақтың қамы үшін жасалған жоба дер едім. Әсіресе біз сияқты көп балалы отбасылар үшін үлкен көмек.

Бағдарлама-  ертеңіне сенім ұялатады!

 1727782032767451.jpg

Әсем Елемесова, баспагер:

– «Балаларға ұлттық қордан жыл сайын қаржы бөлінеді дегенді естігенде қатты қуандым. Себебі әрбір ата-ана баласының болашағы үшін алаңдайды. Мен үш баланы жалғыз өсіріп отырған анамын. Дегенмен бұл бағдарлама әр баламыздың болашағына бағытталған.  Бағдарлама алғаш жария болған күннен  бастап, ол қалай жүзеге асады екен деген ойда болдық. Бірақ ол туралы ақпаратпен толық танысып, дер кезінде ақпарат алдық. Әрине мүндай бағдарламалар керек. Болашаққа деген сенім ұялатады екен. Қазір жастарға білім алу керек. Білім көкжиегі шексіз. Менің де балаларым  болашақта білім алып, жақсы бір маман иесі атанса екен деймін. Меніңше ол әрбір ананың арманы. Сондықтан балаларымыз үшін болашаққа бастау, жаңа қадам жасау деп білемін. Ең бастысы балаларымыз мектеп бітіргеннен кейін  арманын іске асыру үшін білім алуға немесе баспаналы болуға мүмкіндік пайда болады.  Менің ойымша жастардың болашағына арналған алғашқы қадам  десемде қателеспеймін. Ұлттық қор балаларға  жобасы аты айтып тұрғанддай балаларға  арналған жоба. Ең бастысы жобаның механизмі  бекітілген. Жоба өміршең болады деп ойлаймын.

Жастардың білім алуына қолдау!

1727782143515506.jpg

Жадыра Ерболатқызы, экономист:

– «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған қазақстандық балаларға бөлінеді. 2024 жылдың ақпан айында 2023 жылдың қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры барлық балаларға бірінші нысаналы  қаражатты аударды.  Балалар 18 жасқа толған жылы нысаналы талаптар мақсатты жинақ шотына аударылады және 18 жасқа толғаннан кейін жастар жинақтарды екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайын жақсарту және оқу ақысын төлеу құқығына ие болады. Бағдарламаның табысты болуы экономикалық жағдайға, атап айтқанда, мұнай бағасының жоғары болуына және тұрақты инвестициялық кіріске байланысты. Алғашқы жылдар оң нәтижелер бере алады, әсіресе инвестициялық орта қолайлы болса, бірақ инвестицияға байланысты тәуекелдерге және қаражаттың болуына байланысты ұзақ мерзімді перспективада аз болжауға болады. Бұл тәсіл экономикалық өсу мен әлеуметтік тұрақтылыққа, жастардың білім алуына және тұрғын үй сатып алуына қаржылық қолдау көрсету арқылы азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға ықпал ете алады, бұл өз кезегінде білім деңгейінің жақсаруына және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар