Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылатын «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске қосу туралы бастама көтерген болатын. Бұл жоба еліміздегі әрбір баланың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған. Жобаның басты мақсаты – ұлттық қордан алынған қаражат арқылы балалардың болашағына инвестиция жасау және олардың дербес өмірге қадам басуына қолдау көрсету.
(Коллаж: Азаттық рухы сайтынан алынды)
«Балаларға арналған ұлттық қор» жобасының негізгі мақсаты – Қазақстанның әрбір баласына мұнай және басқа да табиғи ресурстардан түскен кірістердің белгілі бір үлесін беру арқылы олардың қаржылық қорын құру. Бұл қаражат кәмелет жасына толғанға дейін арнайы шоттарда жиналып, кейін балалардың білім алуы, тұрғын үй мәселелерін шешуі немесе кәсіп бастауына көмектесуге жұмсалады. Осы арқылы мемлекет жас ұрпақтың қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болып өсуіне жағдай жасайды.
Жобаның маңызды міндеттерінің бірі – әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Жоба Қазақстандағы барлық балаға тең мүмкіндік беру арқылы, олардың тұрмыстық жағдайы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, қолдау көрсетеді. Бұл жоба әрбір баланың болашақтағы өмір сапасын жақсартуға бағытталғандықтан, мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие.
«Балаларға арналған ұлттық қор» жобасының көптеген артықшылықтары бар. Мысалы, балаларға арналған қор олардың болашақта қаржылық тұрғыдан еркін болуына ықпал етеді. Бұл балалардың жасөспірім шағында да, ересек өмірінде де материалдық жағынан қиындық көрмеуіне жол ашады. Сонымен қатар, жоба барлық балаға бірдей қаражат бөлуді көздейді, осылайша әлеуметтік теңсіздік мәселесін шешуге септігін тигізеді. Әлеуметтік мәртебесіне немесе отбасылық жағдайына қарамастан, әрбір балаға тең мүмкіндік беріледі. Жиналған қаражат жасөспірімдерге жоғары білім алу немесе тұрғын үй сатып алу мәселесін де шешуге ықпалын тигізеді. Мұндай қолдау олардың қоғамда еркін және жауапты азамат болып қалыптасуына көмектеседі. Оған қоса, қор қаражаттары тек болашақта маңызды қажеттіліктерге жұмсалатындықтан, бұл экономикалық тұрақтылықтың кепіліне айналады. Балалардың өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруы арқылы ел экономикасына да оң әсерін тигізеді.
Бұл жобаның ең басты ерекшелігі ол жобаның жұмыс істеу механизмінің өте қарапайым және түсінікті болуында. Жыл сайын мұнай және басқа да табиғи ресурстардан түскен кірістердің белгілі бір бөлігі арнайы шоттарға аударылып отырады. Бұл шоттар тек балалардың атына жазылып, қаражат жиналады. Бала кәмелет жасқа толғаннан кейін, ол жинақталған қаражатты пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Қаражатты пайдалану тек белгілі бір мақсаттарға – білім алу, тұрғын үй сатып алу немесе кәсіп ашу – арналатындықтан, бұл қаражаттың ұзақ мерзімді пайдалылығы сақталады. Осылайша, жоба жас ұрпақтың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың болашақта қоғамда белсенді әрі жауапты азамат болып қалыптасуына мүмкіндік береді.
«Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы – еліміздің болашағына арналған инвестиция. Бұл жоба жастарға өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, болашақ ұрпақтың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуына айтарлықтай әсер етеді. Жоба жас азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, оларды өз-өзіне сенімді және жауапты тұлға ретінде қалыптастырады.
«Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы Қазақстанның болашағына арналған стратегиялық маңызды бастама болып табылады. Жоба жас ұрпақтың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың білім алуына, тұрғын үй мәселелерін шешуіне немесе кәсіп бастауына жағдай жасайды. Бұл жоба арқылы мемлекет жастарға өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ал бұл елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлкен үлес қосады.
Mezgil.kz