Қазақстандағы саяси және әлеуметтік реформалардың аясында 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтай – елдің болашағына бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Құрылтайдың мақсаты – халық пен билік арасындағы байланысты нығайту, қоғамдық мәселелерді ашық талқылау және елдегі реформаларды тиімді жүзеге асыруға атсалысу. Бұл бастаманы ақпараттық сүйемелдеу және халыққа түсіндіру жұмыстары оның тиімділігі мен қоғамдағы рөлін арттырады.
(Сурет Егемен Қазақстан гәзетінен алынды)
Ұлттық құрылтай – Қазақстан қоғамы үшін жаңа диалог алаңы ретінде маңызды орын алады. Оның басты мақсаты – қоғамның түрлі топтарын біріктіріп, халықтың үнін тыңдау, олардың пікірлерін ескеріп, елдің болашағына қатысты шешімдерді бірлесіп қабылдау. Бұл бастама Қазақстанның дамуына ықпал ететін әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.
Қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау Ұлттық құрылтайдың негізгі міндетінің бірі. Құрылтай аясында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер мен ұсыныстар көтеріліп, олардың шешімдері қарастырылады. Халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары мен аймақ өкілдері өз пікірлерін ашық айтып, қоғамдағы маңызды өзгерістерге белсенді қатысады. Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттерінің бірі Билік пен халық арасындағы диалогты нығайту болып табылады. Ұлттық құрылтай билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне азаматтарды тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Ұлттық құрылтайда Қазақстанның ұзақ мерзімді даму мақсаттарына жету жолдары анықталып, реформаларды жүзеге асыру үшін ұсыныстар жасалады.
Ұлттық құрылтайдың табысты жұмыс істеуі үшін оны ақпараттық тұрғыдан қолдап, қоғамға кеңінен түсіндіру маңызды рөл атқарады. Ақпараттық сүйемелдеу арқылы құрылтайдың мақсаты, міндеттері және қабылданған шешімдер туралы қоғамға нақты әрі түсінікті мәлімет беру қажет. Бұл бағытта мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық ұйымдар белсенді жұмыс атқарады.
Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстары және әлеуметтік желілер арқылы Ұлттық құрылтайдың қызметі, талқыланған мәселелер мен қабылданған шешімдер туралы қоғамға дер кезінде ақпарат жеткізу, халықтың құрылтай жұмысы туралы хабардар болуына мүмкіндік береді. Ұлттық құрылтайдың тиімділігін арттыру үшін халықтың ұсыныстарын, пікірлерін жинап, оларды құрылтай аясында қарастыру маңызды. Ақпараттық сүйемелдеу осы пікірлердің жинақталуына және олардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға әсер етуіне ықпал етеді. Ақпараттық сүйемелдеу арқылы құрылтай мүшелері мен халық арасында тұрақты кері байланыс орнату қажет. Бұл халықтың қажеттіліктері мен ұсыныстарының құрылтайда қарастырылуын қамтамасыз етеді.
Осы тұста, құрылтай қызметі туралы жастар арасында сұхбат жүргізілген болатын. Ұлттық құрылтай туралы Алматы қаласының тұрғыны, студент Сәмет Диас: «Студент ретінде бұл құрылтайдың біздің болашағымыз үшін маңызды рөл атқаратынын сезінемін. Себебі біз – болашақ мамандар, қоғамның белсенді мүшелері боламыз. Құрылтай арқылы жастардың проблемалары, мысалы, сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікті дамыту сияқты мәселелерді тікелей көтеруге мүмкіндік бар. Құрылтай алаңында жастардың даусы естіледі, ал бұл біздің қоғамдағы орнымыздың маңыздылығын көрсетеді» десе, Жас маман Айгүл Төреқызы былай дейді: «Құрылтай – әділеттілікті, ашықтықты қамтамасыз ететін алаң. Мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің бір үстел басында отырып, еліміздің келешегіне қатысты мәселелерді талқылауы демократияның дамуына үлес қосады деп ойлаймын. Құрылтайдың шешімдері әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеріп, әділдікке негізделген реформаларды жүзеге асыруға ықпал етеді».
Демек, жастар Ұлттық құрылтайдың еліміз үшін оңтайлы шешім екеніне сөзсіз сенетінін аңғаруға болады.
Ұлттық құрылтай жұмысын халық арасында кеңінен насихаттау үшін бірқатар нақты шаралар қабылдануы тиіс. Мысалы, жастар арасында ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру. Қазіргі заманда ақпараттық сүйемелдеудің маңызды бөлігі – әлеуметтік желілерде белсенді болу. Facebook, Instagram, Telegram, TikTok секілді платформаларда құрылтай туралы жаңалықтарды тарату және халықтың пікірін тыңдау осы процестің тиімділігін арттырады.
Ұлттық құрылтайдың шешімдері мен ұсыныстарын халық арасында кеңінен талқылау үшін арнайы қоғамдық кеңестер мен онлайн-форумдар ұйымдастырудың да маңызы зор. Бұл халықтың пікірін тікелей ескеріп, олардың ұсыныстарын құрылтай аясында қарастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Ұлттық құрылтайдың жұмысы туралы ақпаратты халыққа жеткізу үшін барлық бұқаралық ақпарат құралдарын жұмылдыру қажет. Теледидар, радио, газет, интернет басылымдар арқылы құрылтай туралы жаңалықтарды кеңінен тарату жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етеді. Ақпараттық сүйемелдеу процесінде жергілікті әкімдіктер мен қоғамдық ұйымдар да белсенді түрде қатысуы керек. Олар аймақтарда құрылтай жұмысы туралы түсіндіру шараларын өткізіп, халықтың пікірін жинақтауда маңызды рөл атқарады.
Ұлттық құрылтай туралы «Жастар Үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асет Базарбай: «Ұлттық құрылтай — еліміздің дамуында маңызды рөл атқаратын платформа. Бұл шара азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға, халықтың пікірлерін ескеруге және ұлттық құндылықтарды нығайтуға мүмкіндік береді. Қоғамдық бірлестік ретінде біз ұлттық құрылтайдың азаматтық қоғамның рөлін күшейтетінін, әрбір азаматтың пікірін тыңдауға және есеп берушілікті арттыруға ықпал ететінін жоғары бағалаймыз. Бұл процесте белсенді қатысу арқылы қоғамның әртүрлі топтарының мүдделерін қорғап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға мүмкіндік аламыз. Құрылтай құрамына азаматтық қоғам өкілдері арасынан жастар қоғамдық бірлестіктерінен аймақтардағы өкілдерін көрсек деген ойымыз бар»,- деп өз ойымен бөлісті.
Ұлттық құрылтай – Қазақстандағы саяси реформалардың маңызды бөлігі және халық пен билік арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған тиімді алаң. Оның табысты жұмыс істеуі үшін ақпараттық сүйемелдеу мен түсіндіру жұмыстары басты рөл атқарады. Халыққа құрылтайдың мақсаты мен міндеттерін дұрыс түсіндіріп, оның нәтижелері туралы уақытылы ақпарат беру арқылы қоғамдағы сенімді нығайтып, елдің дамуына үлес қосуға болады. Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру жұмыстары – Ұлттық құрылтайдың даму процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Mezgil.kz